Асель Тасмагамбетова: "Фосфорник" МҮ Шымкент қаласының мәдени өміріндегі жаңа кезеңге айналмақ

Асель Тасмагамбетова: "Фосфорник" МҮ Шымкент қаласының мәдени өміріндегі жаңа кезеңге айналмақ.

Жақында Шымкент әкімдігі "Фосфорник" МҮ-нің әйгілі ғимаратының орнында жаңа мәдениет сарайын салу жобасының басталғаны туралы хабарлады. Құрылыстың келбеті қалай өзгереді және оны қайта құру талантты жастардың көрші Өзбекстанға көшуін неге тоқтататындығы туралы "Сәби" қорының президенті Әсел Тасмағамбетова баяндап берді.

- Әсел Иманғалиқызы, өткен жылдың соңында "Фосфорник" МҮ қаланың коммуналдық меншігіне берілді. Сол кезде Шымкент әкімдігі Сіздің қорыңызбен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғанын хабарлады. Сіздің "Фосфорник" МҮ-ін қайта құрудың ауқымды жобасына қатысуыңыз - бұл Шымкент әкімдігінің бастамасы ма?

- 2002 жылы жұбайым Кеңес Ракишев екеуміз "Сәби" қайырымдылық қорын құрдық. Қор өз қызметінің 22 жылында білім беруде, медицинада, мәдениетте және әлеуметтік осал азаматтарды қолдауда Республикалық маңызы бар өзінің бірегей бағдарламаларын әзірлеп, жүзеге асыруда. Біздің қор Қазақстанда баламасы жоқ әлеуметтік нысандарды жаңадан салуда, медициналық мекемелерді жөндеп, оларды жоғары технологиялық жабдықтармен толық жарақтандырады, еліміздің қалалары мен өңірлерінде балалар ойын кешендері мен алаңдарын салады. Осылайша, біздің әрбір жобамыз ірі әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталғандықтан, алға қойылған мақсаттарға сәтті қол жеткізуде. Шымкент әкімдігі біздің қордың ірі және техникалық жағынан күрделі жобаларды іске асырудағы үлкен тәжірибесін зерделеп келіп, бізге жаңа "Фосфорник" МҮ-нің қайта құрылымы мен құрылысын сеніп тапсырды. Біз үшін бұл жоба ең үлкен ғана емес, сонымен қатар, өте жауапты жоба, өйткені, мәдениет сарайы - қала тұрғындарының тарихи маңызды және сүйікті көрікті жері болып табылады.

- Неліктен "Сәби" қоры бұл жобаны іске асыруды қолға алды?

- "Сәби" қорының басты қағидаты - бұл қайырымдылықты жүйелі түрде жүргізу. Кез келген жобаны дайындау кезінде біздің қор оның өзектілігіне терең талдау жүргізеді. Ал содан кейін біз оның тиісті салаға мультипликативті әсерін зерттейміз. Шымкентке келетін болсақ, біздің қор осы қалада өзінің көптеген бағдарламаларын жүзеге асыып келеді. Әрине, біз қаланың ұсынылған сұранысынан бас тарта алмадық және жаңа "Фосфорник" МҮ шымкенттіктердің ең перспективті жастар санатын тартатын орынға айналады және қаланың әлеуетін жаңа деңгейге шығарады деп үміттенеміз.

 - Осы таңға дейін қайта құру жобасы аясында қандай жұмыстар атқарылды? Қазір не істелініп жатыр?

 - Осы жобаны іске асыру кестесіне сәйкес, жергілікті халықты қызықтыратын салалардың жан-жақтылығын, олардың белсенді қызмет түрлеріне, қарым-қатынасқа, шығармашылыққа деген құштарлығын неғұрлым егжей-тегжейлі зерделеу мақсатында жетекші сәулетшілер мен дизайнерлерден тұратын мамандар тобының Шымкентке сапары ұйымдастырылды. Сондай-ақ, жұмыс барысында мұрағаттық құжаттар зерделеніп, жобаны іске асырудың неғұрлым тиімді тәсілдері қаралды және одан әрі шешудің әртүрлі әдістеріне салыстырмалы талдау жүргізілді. Нәтижесінде болашақ жобаның тұжырымдамасы қалыптасты. Қазір біз дизайн-жобасын және қасбеттердің архитектуралық-жоспарлау шешімдерін, сондай-ақ, ғимараттың ішкі безендірілуінің аяқтау сатысында тұрмыз.

- Қайта құру жобасына қала әкімдігімен қандай талаптар қойылуда?

- "Фосфорник" МҮ жобасы - бұл тек ғимараттың құрылысы ғана емес. Құрылыс бүкіл қаланың дамуындағы жаңа кезеңіне айналып, әлеуметтік, шығармашылық және кәсіпкерлік инновацияларды іске асыратын орынға айналуы тиіс. Бұл жерде өндірістік коворкингтер, шеберханалар, көрме алаңдары, кітапхана, бизнес-инкубатор, фото және видео студиялар, стильді кафе, концерттік алаң орналасқан көпсалалы орталық болады. Мұнда түрлі шеберлік сабақтарын, подиумдық көрсетілімдерді, поэтикалық оқуларды өткізуге, театр қойылымдарын, форумдар мен фестивальдерді ұйымдастыруға болады.

- Қайта құру жұмыстары қанша соманы талап етуі мүмкін?

- Қазіргі уақытта құрылыс құнын бағалау қиын. Біріншіден, болашақ МҮ-нің түпкілікті жобасын анықтау, оны жабдықтауға арналған нақты сұраныстарды тұжырымдау, содан кейін - құрылыс пен қайта құрудың негізгі шығындарына жауап беретін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу қажет. Бірақ, ғимараттың үлкен аумағын, шамамен 12 мың шаршы метрді және іргелес аумақты абаттандыру алаңын - шамамен 12 гектарды ескере отырып, жобаны жүзеге асыру үшін айтарлықтай сома қажет болады. Алдын-ала мәліметтер бойынша, шамамен 10 миллиард теңге.​

 - Құрылыс жұмыстары қашан басталады? Жобаны жүзеге асыру үшін қанша уақыт кетуі мүмкін?

 - Әдетте, "Сәби" қорының барлық жобалары тез жүзеге асырылуда. Біз шағын командамен жұмыс істейміз, шешімдер жедел қабылданады. Біз жұмысты - осы жылдың соңына дейін бастауды жоспарлап отырмыз. Бірақ көп уақытты қажет ететін көптеген процедуралық сәттер бар, оларды ескерусіз қалдыруға болмайды. Бұл, ең алдымен, ұсынылған тұжырымдаманы қала басшылығы деңгейінде бекіту, бұдан әрі - жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және жоба сараптамасынан өту. Мұның бәрі, өкінішке орай, кез-келген құрылыс жобасын іс жүзінде жүзеге асыруға кедергі келтіреді. Бірақ, біз құрылысқа рұқсат беретін барлық құжаттарды қолға алғаннан кейін, жобаны жүзеге асыру үшін 1,5 жылдан аспайтын уақыт кетеді деп ойлаймын.

- Ғимараттың бұрынғы архитектурасын сақтау міндеті тұр ма, әлде оны толық қайта құру көзделіп отыр ма?

 - Бұл жоспарлау кезеңінде тұрған маңызды мәселелердің бірі. Бір жағынан, "Фосфорник" туралы естелік тіпті жас шымкенттіктер арасында да өте күшті. Қала тұрғындары мәдениет сарайы туралы белгілі бір сағынышпен айтады.  Сонымен қатар, "кеңестік модернизм" - жобалаудағы танылған архитектуралық стиль, ал "Фосфорник" МҮ жобасы өз уақытында көптеген марапаттарға ие болды. Осыған байланысты біз ғимараттың тарихи келбетіне де көңіл бөлгіміз келеді. Ерекше назарды талап ететін екінші міндет - бұл ұлттық мәдениетке, атап айтқанда, жергілікті дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға баса назар аудару. Бірақ, бұл ретте жаңа ғимарат креативті индустрияларды тартудың орталығына, білім беру және шығармашылық хабқа, демек, қала тұрғындары үшін "сәнді" орынға айналуды көздейді. Мұның бәрі ғимараттың сыртқы келбеті бойынша үлкен жұмыстарды жүргізуді қамтиды, өте мұқият зерттеуді қажет етеді, біз қазір сол бағытта жұмыс жасаудамыз.

 - Жаңа МҮ-де не болады? Концерт залы сақталады ма?

 - Біз "Фосфорниктің" жұмысы кезінде оның 2000 адамға арналған концерт залы үлкен қалалық концерттер өткізетін негізгі алаң болғанын білеміз. Маңыздылығы мен ауқымы жағынан оны Алматыдағы Республика сарайымен салыстыруға болады. Оның сақталуы қала тұрғындарын қатты қызықтыратыны таңқаларлық емес. Біз жергілікті халықтың өтініштеріне де көңіл бөлеміз, концерт залын қалпына келтіру боынша жұмыстар міндетті түрде жүргізіледі. Бірақ, бұл стильді концерт алаңы ғана емес, сонымен қатар, әр түрлі перфоманстар, мобильді бейнелер, жарнамалар түсіруге болатын өнер кеңістігіне айналады. Ол үшін қазір сахна мен жабдықты түрлендірудің күрделі жүйелері ойластырылуда.

- Шымкентте "Сәби" қайырымдылық қорының тағы қандай жобалары жүзеге асырылуда?

Шымкентте қордың "Инватакси" жобасы жұмыс істеуде. 2009 жылы "Сәби" арбаға танылған мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдауға арналған 62 мамандандырылған автокөлік сатып алды. Олар ҚР 20 қаласының мүгедектер қоғамына 43 мың мүгедектің пайдалануы үшін сыйға тартылды. Сондай-ақ, "Инватакси" көлік қызметтері үшін 19 сатылы арнайы көтергіштер мен 14 ұйымдастыру техникасы жиынтығы сатып алынды. 2014 жылдың басынан бастап "Мүгедектерге лайықты өмір" жобасы мемлекет қамқорлығымен жұмыс істейді. Шымкенттің классикалық қазақ музыкасындағы үлкен шығармашылық мұрасын ескере отырып, қалада "Сәби" қорының "Домбыра Дастан" республикалық байқауының негізгі іріктеу кезеңдерінің бірі өткізілді. Әр жылдары шымкенттіктер "Өз бизнесіңді баста" жас кәсіпкерлерді қолдау байқауының финалистері атанды. Ал 2023 жылы Shoqan Ecology жас ғалымдарының республикалық форумы басталып, Шымкенттен келген дарынды зерттеушілер біздің қордың қаржылық гранттарының иегерлері атанды.

13.08.2024
26.12.2011
«Өркендеу» құрылыс жобасы

«ӨРКЕНДЕУ» ҚҰРЫЛЫС ЖОБАСЫЖобаның ұйымдастырушысы және орындаушысы:«Сәби» Жекеменшік Қайырымдылық қоры» коммерциялық емес…

Құрылыс жобасы