Әсел Тасмағамбетова: Семейде хирургия құрылысы аяқталды

«Медициналық қызметтер деңгейін бағалау критерийлерінің бірі, менің ойымша, шұғыл көмектің тиімді жетік жүйесінің болуы болып табылады. Шұғыл хирургия – осы жүйенің ядросы, яғни, қажет жерлерде заманауи, сапалы хирургиялық көмек көрсету мүмкіндігі пациенттер өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Елімізде, әсіресе өңірлерде, облыстық мәртебесі жоқ қалаларда шұғыл хирургия бөлімшелерін күрделі жөндеудің және заманауи технологиялық жабдықпен жабдықтаудың өткір қажеттілігі бар екендігін атап өту қажет.

Ақтау, Орал, Павлодар, Қостанайда бір балалар ауруханасынан ғана жұмыс істейді, олар қалаға ғана емес, сондай-ақ жақын маңдағы елді мекендерге де қызмет көрсетеді.Семейдегі жалғыз балалар ауруханасына күрделі жөндеу 1972 жылы жүргізілген, ал жабдық 1985 жылдан бастап жаңартылмаған. Дегенмен, мекеменің дәрігерлері күн сайын баллардың өмірін құтқаруда, соңғы жылы ғана олармен 1400 шұғыл ота жасалды.

"Сәби" қоры медициналық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында 2018 жылы «Шұғыл балалар хирургиясы» жобасына бастамашылық етті. Ағымдағы жылы, мамыр айында Алматы қаласында бізбен тапсырылған жаңа балалар шұғыл хирургиясының артынан Семей қаласында бөлімше ашылып жатыр. Қазіргі уақытта жөндеу-құрылыс жұмыстары аяқталды, хирургия барлық қажетті, ең заманауи әрі технологиялық жабдықпен жарақталды. Мұнда медициналық газдарды тарату және бұру жүйесі, жайлардың зарарсыздандырылған тазалығын қамтамасыз ететін ламинарлы ағын, шағын инвазиялық оталар жасауға арналған лапароскопиялық жабдық, наркоздық-тыныс алу және өкпені жасанды желдету аппараттары, электрокоагуляторлар, дефибрилляторлар, реанимациялық мониторлар, УДЗ, ЭКГ және ЭЭГ аппараттары орнатылды. Педиатриялық бронхофиброскоп, Илизаров аппараты, маңдай бинокулярлық лупалары, эндоскопиялық тігу аппараттары, хирургиялық құралдар жиынтықтары және басқа да реанимациялық, хирургиялық және терапевтік жабдық сатып алынды.

Екі объектіге жұмсалған қаражат сомасы 422 000 000 теңге құрады.

Сонымен қатар, 2020 жылғы ақпанда біз осы жаңадан ашылған хирургиялық бөлімшелер базасында Ресей (Мәскеу) мен Қазақстанның балалар хирургиясы саласындағы танымал мамандарының үйрету мастер-класстары сериясын өткізуді жоспарлап отырмыз.Апта бойы тәжірибелі хирургтар эндоскопиялық жабдықты қолдану және шағын инвазиялық оталар жасаудағы өздерінің кәсіптік тәжірибесімен және жұмыстарымен бөлісетін болады.

Мен, осының бәрі нәтижесінде орындарда кәсіпқой кадрларды дамытуда және медициналық қызметтердің сапасын арттыруда пәрменді серпіліс береді деп сенемін!

Сөзімді қорытындылай келе, осылайша қор мемлекет қана шешуі тиіс әлеуметтік проблемалық учаскелерді ашады, бұл биліктің айрықша құзыреті деген пікірмен келіспейтінімді айтқым келеді. Біз бәріміз қоғамның бөлшегіміз, біз сол мемлекеттің өзіміз, және қорлардың міндеті қоғамдық өзекті мәселелерді атап көрсете отырып, тұрақты жүйелі өзгерістерге қол жеткізу болып табылады!»

 

23.01.2020
09.03.2023
Әсел Тасмағамбетова "Өз…

"Сіздердің алдарыңызда тұрып, көздеріңізге қарағанда: "неткен жас, өршіл және батыл жандар", - деп таң қаламын!…

Блог
30.11.2022
Бақытты өмір сүру – игі…

«Бақытты өмір сүру – игі істерге қатысты болу. Біз бақыт сезімін үнемі емес, белгілі бір сәттерде сезінеміз, ал…

Блог
14.06.2022
«Сәби» Қорының президенті…

«Қадыр атамыздың кезінде «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деп бізге өз аманатын айтып кеткен…

Блог