2018 жылы «Сәби» қоры Қазақстан өңірлерінде балаларға медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында «Шұғыл…
2002 жылы «Сәби» қоры құрылғаннан бастап, медицина әрдайым ең басты орында тұрды және солай болып қала береді де. Аталмыш Қордың «Медициналық жобасы» аясында еліміздің облыстарынан бастап, ауылдық жерге дейінгі медициналық мекемелері кеңінен қамтылды. Бұған дәлірек айтқанда, жөндеу және қайта құру жұмыстары, ауруханаларды жабдықтау мен мамандарды оқыту, дәрі-дәрмек сатып алу және дәрігерлерді қолдау кіреді.
Мұндағы айта кетерлік басты мәселе, Қазақстандағы медициналық мекемелердің 60%-ы өткен ғасырдың 50-60-шы жылдары салынғандығында болып отыр. Ауруханаларды жобалау жүзеге асқанмен, ескірген және жаңартуды қажет ететін кеңестік ҚНжЕ мен Санпиндерге сәйкес нысандар әлі де бар. Ауруханалар мен емханалардың басым көпшілігі қайта жаңғырту мен жабдықтауды қажет етеді.
Бүгінгі күні жаңа ауруханалар көптеп салынуда, алайда ереже бойынша, тек мегаполистерге басымдық берілгендіктен, шағын қалалар кейінгі орынға қалып жатады. Қазіргі таңда барлық прогрессивті еуропалық клиникаларда заманауи жабдықтарды орнатуға ғана емес, сонымен қатар интерьерді жақсарту, дәрігерлер мен пациенттердің жайлы тұруы үшін үй-жайларды навигациялау мен аймақтарға бөлу мәселелері бойынша ұйымдастырудың және жабдықтаудың жаңа стандарттарын қабылдады. АҚШ-та бұл ұсыныстар негізінен «Ауруханалар мен амбулаторияларды жобалау және салу жөніндегі нұсқаулықта» көрсетілген.
Медициналық мекемелерді жаңғыртудың дәл мұндай жүйесі көрші Ресейде де жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, 2019 жылдан бастап, Мәскеуде жаңа стандарт енгізілді, сәйкесінше, жабық тіркеулерден бас тартып, пациенттер үшін емханалар мен ауруханалардың қабылдау бөлмелерінің кіру кеңістігін мүмкіндігінше ашу жоспарлануда. Жалпы, жаңа стандартқа сәйкес, 2024 жылға дейін Мәскеудің 137 емханасын жөндеу көзделіп отыр.
Медициналық мекемелердегі ашық кеңістік сән үрдістеріне басымдық бермейтінін атап өткен жөн. Кейбір сәттерде, айталық, өмір мен өлім мәселесі кезінде қабырғалардың болмауы дәрігер мен науқастың өзара әрекеттесу уақытын айтарлықтай қысқартады. Яғни кеңестік жүйемен салынған кеңсе-дәліз – дәрігерлер мен науқастардың бір-бірін көрмей, сәйкесінше емделушілердің кабинеттен-кабинетке кіріп, көмек күтуге мәжбүр болатыны тағы бар. Адам ауруханаға келген кезде, ол дәлізде өзін күрт нашар сезініп, кабинетке жетуге күші қалмаған кездегі жайттар жиі кездеседі, бұл ретте қабырға артында орын алып жатқан жағдайды дәрігерлер қалай байқасын. Сол себепті ашық кеңістік дәл осындай қысылтаяң уақытта науқастардың өмірі мен денсаулығын сақтап қалатын бірден-бір оңтайлы шешім болмақ.
Бөлімдерсіз кеңістіктер, ыңғайлы күту аймақтары, интуитивті навигация, жоғары технологиялық жабдықтар және ең білікті мамандар – бұл заманауи аурухана болуы керек. Театр жұмысы киімілгіштен бастап көрінетіні секілді, аурухананың жұмысы кіреберістен басталып, пациентке бағдарланған жедел жәрдемге қашанда дайын екенін көрсетуі керек.
Жоғарыда аталған факторлардың барлығын ескере отырып, біз Ақтау қаласында жаңа жедел балалар хирургиясын салып жатырмыз. Осы қағида бойынша балалар хирургиясы бөлімшелері Семей мен Алматы қалаларында жүзеге асты. Біз екі жаққа да яғни, дәрігерлер мен пациенттерге де қолайлы жағдай жасаймыз.
Жедел хирургия - бұл бүкіл медициналық индустрияның өзегі екенін жете түсінуіміз керек. Біздің «Медициналық жоба» және «Инватакси» бағдарламасы шеңберіндегі көптеген жылдар бойғы жұмыс барысында біз мүгедектіктің басым бөлігі әртүрлі жарақаттардың, көбінесе тұрмыстық жарақаттардың салдарынан болатындығына көз жеткіздік. Жарақаттану, оның барлық көріністерінде Қазақстан Республикасында аурушаңдық құрылымы бойынша екінші, ал мүгедектік себебімен үшінші орын алады. Егер ДДҰ мәліметтері бойынша әлемде жыл сайын жарақаттану салдарынан 3,5 миллион адам қайтыс болып, 2 миллионнан астам жарақат алушылар мүгедек болып қалса, онда Қазақстан бойынша, республикада жыл сайын 600 мыңнан астам адам түрлі жарақаттар алады, оның 25%-ын балалар құрайды. Сондықтан, дер кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек - бұл өмірді құтқару ғана емес, сонымен қатар адамның толыққанды қызметке оралуының нақты мүмкіндігі екенін басты назарда ұстауымыз керек.
Бұл, әсіресе, ауруханалардың техникалық жағынан жабдықталуымен қатар, кадрлардың жетіспеушілігі мен мамандардың кетуі байқалатын аймақтарға қатысты болып отыр. Сондықтан біздің жоба медициналық мекемелердің құрылысы мен жабдықталуын ғана емес, жүйелік сипатты кеңінен қамтиды. Біз біліктілікті арттыру және алған білімдерін өз аймағында қолдану үшін дәрігерлерге ең жақсы медициналық мамандармен шеберлік сағаттарын ұйымдастырамыз.
Шындығында, Ақтау қаласы да кездейсоқ таңдалған жоқ. Базасында жаңа шұғыл хирургия бөлімшесі ашылатын Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасы қала тұрғындарын ғана емес, жақын маңдағы елді мекендердегі пациенттерді де қамтитындықтан, бүгінгі күні қала жеке және отбасылық демалыс үшін ірі туристік орталық ретінде ресми түрде жарияланды. Қала тұрғындары кез келген төтенше жағдай орын алғанда оларға дер кезінде көмек көрсетілетініне сенімді болуы керек.
Ауруханаларды ұйымдастыру мен жарақтандыруға деген жаңа көзқарас пациенттердің дәрігерлерге толықтай сеніп, олардың жұмысын тиімді әрі қолайлы істеуге мүмкіндік береді.
2018 жылы «Сәби» қоры Қазақстан өңірлерінде балаларға медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында «Шұғыл…
Семей қаласының шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесіне арнап "Сәби" қоры фибробронхоскопы бар балалар бронхоскопиясына…
Өткен жылдың қараша айында Алматы қаласында «Сәби» Қоры үшін Bvlgari зергерлік бұйымдары мен сағаттар үйі қайырымдылық…