…
5 желтоқсанда Алматы қаласында Kazakhstan Growth Forum платформасы ұйымдастырған Charity Ball 2024 өтті. Аталған кеште «Сәби» қорының президенті Әсел Тасмағамбетова "Жыл меценаты" беделді марапатына ие болды. Бұл марапат – «Сәби» қорының еліміздің дамуы мен өркендеуіне қосқан көп жылдық еңбегі мен қомақты үлесін мойындау белгісі болды.
Балды ұйымдастырушылар «Сәби» қоры азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатына бағытталған жобаларды дәйекті және ауқымды түрде жүзеге асырып келе жатқанын атап өтті. 2002 жылдан бастап қор денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және экология салаларындағы бастамаларды қолдап және дамытып келеді.
23 жыл ішінде «Сәби» қоры көптеген қайырымдылық жобаларын жүзеге асырды:
* Балаларға арналған жоғары технологиялық шұғыл хирургияларды салу;
* Қазақстан өңірлерінде тегін робототехника орталықтарын ашу;
* ҚР қалалары мен ауылдарында балалар ойын және спорт алаңдарын ұйымдастыру;
* Қазақстандық жас кәсіпкерлерді қолдау;
* Балалар үйлерін, мектептер мен жастарды бейімдеу орталықтарын салу.
Қор білім беру, медициналық және мәдени салалар шеңберінде көптеген жобалар ұйымдастыра отырып аталған салаларға айтарлықтай ресурстар инвестициялады.
Біз осындай мағыналы өзгерістердің бір бөлігі бола алатынымызды мақтан тұтамыз және осы жолда бізді қолдайтындардың барлығына алғыс айтамыз!