«Сәби» қорының биылғы жылы атаулы көмекке жұмсаған жалпы сомасы 5 039 010 теңгені құрады. Қорымыздың барлық достарына,…
Қордың атаулы көмегі туралы жаңалықтармен бөліскіміз келеді. Біздің Қорға қамқоршылық танытқан адамдардың шағын болса да, тұрақты қайырымдылықтарының арқасында "Сәби" бірнеше мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетті.
Оның төртеуі церебральды сал ауруына шалдыққан балаларды тәрбиелеп отыр. Бұл алматылық төрт жасар Дінмұхаммед пен астаналық бес жасар Аңсар үшін қор бірнеше оңалту курстарының ақысын төледі, оның ішінде рефлексология, жаттығу терапиясы, емдік массаж және моториканы дамытуға арналған жаттығулар кіреді.
Және заманауи әрі ыңғайлы арбаға зәру алты жасар нұр-сұлтандық Малика мен өскемендік сегіз жасар Алдияр. Біз балаларға ыңғайлы және қауіпсіз жүру үшін Umbrella және Junior Plus брендтерінің заманауи мүгедектер арбаларын сатып алдық.
Тағы бір бенефициарларымыздың бірі – ақыл-ойы мен сөйлеу тілі дамымаған үш жасар алматылық Айболат. Бала Даму және түзету орталығында қарқынды курстан өтті, оның құнын Қор көтерді.
Балаларға зор денсаулық тілейміз және біздің Қорға қайырымдылық жасап жатқан барша жандарға алғысымызды білдіреміз. Мейіріміңіз бен жомарттығыңыз еселене берсін. Рахмет сіздерге!
«Сәби» қорының биылғы жылы атаулы көмекке жұмсаған жалпы сомасы 5 039 010 теңгені құрады. Қорымыздың барлық достарына,…
Біздің Қорға үнемі қайырымдылық жасап жүрген барлық жанашырлағы тағы да алғыс айтқымыз келеді. Сіздердің көмектеріңізбен…
Біздің қорға тұрақты түрде қайырымдылық көмек көрсетудің арқасында мамырдан шілдеге дейін біз бірнеше бенефициарларға…