Көктемгі оқу демалысы аяқталып, оқушылар үшін соңғы оқу тоқсаны басталуда. ?лі өзінің болашақ мамандығы туралы шешім…
Биылғы жылы «Сәби» қорының Білім беру гранттарының бақытты иеленушілеріне Алматы қаласы мен облысының 9-11 сынып түлектері ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның өзге аймақтарының балалары айналды.
Күрделі жұмыс жүргізумен біз ең лайықты деген үміткерлерді таңдадық. Барлығы ескеріліп отырды: үлгерімі, мінез-құлқы, мектеп пен Балалар үйінің қоғамдық өміріне қатысуы және өзге де көптеген жағдайлар.
Гранттардың биылғы жылы санының аз болуына орай өте қиынға түскен іріктеудің қорытындылары мынадай:
- Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларға арналған №1 Қызылорда мектеп-интернаты 3 орынға ие болды;
- Өскемен қ. «Үміт» балалар үйі – 2;
- Алматы қ. №1 балалар үйі – 1;
- Алматы қ. «Жанұя» мамандандырылған кешені - 2;
- Нүсіпбаев ат. Алматы облыстық қазақ мектеп-интернаты – 5;
- Алматы қ. Жасөспірімдер үйі – 1.
Біз жеңімпаздарды құттықтаймыз және олардың оқуға түсу емтихандарынан сәтті өтуіне тілектеспіз!
Көктемгі оқу демалысы аяқталып, оқушылар үшін соңғы оқу тоқсаны басталуда. ?лі өзінің болашақ мамандығы туралы шешім…
Оқушылардың болашақ мамандығын таңдауға көмектесетін кәсіби бағытта тестілеу әлемде кең қолданылады. Сондай-ақ бұндай…
Қазақстанда 2017 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеудің өту үлгісі өзгереді. Енді ҰБТ екі кезеңде өткізіледі. Мектептерде…