Құрметті барша қауым!

20 жыл бойы қайырымдылық жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан «Сәби» Қайырымдылық қоры домбырашы балалар мен жасөспірімдер арасында Бірінші республикалық «Домбыра-Дастан» байқауын жариялайды!

Тарихимызды екі ішегіне сыйдырған ұлы аспапты ұлықтайтын, өз өнерімен бүкіл қазақ елін тәнті қылатын 6 мен 15 жас арасындағы домбырашыларды біздің байқауға қатысуға шақырамыз!

Байқауға үміткерлер Қазақстанның барлық өңірінен қатыса алады.

Жалпы жүлде қоры – бұрын-соңды болмаған 40 миллион теңгені құрайды. 

Өтінімдерді қабылдау мерзімі  2022 жылғы 10 қаңтардан басталады.

Барлық шарттар dombyradastan.kz сайтында және @dombyradastan instagram парақшасында жазылған.