L’aroush зергерлік үйі «Сәби» қорымен қайырымдылық ынтымақтастық аясында НАО «Семей медициналық университетінің» жедел балалар хирургиясы бөліміне заманауи электрохирургиялық жабдық табыс етті.

Медициналық мекемеге балаларға іш қуысы, торакальдық және урологиялық операцияларды дәл, қауіпсіз және тиімді жүргізуге мүмкіндік беретін Valleylab VLFT10LSGEN электрохирургиялық электролигирлеу аппараты тапсырылды.

Аппарат тіндерді дәл кесіп, коагуляциялауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ энергияны тіннің түріне интеллектуалды бейімдеу және LigaSure™ технологиялары арқылы тамырларды сенімді герметизациялап, термиялық әсерді минималды деңгейде ұстайды.

Жабдықты пайдалану операция уақытын орта есеппен 15–20 минутқа қысқартуға, қан жоғалтуды азайтуға және асқынулар қаупін төмендетуге мүмкіндік береді. Медициналық мекеменің бағалауынша, аппарат жылына 250 операцияға дейін қолданылуы мүмкін, бұл дәрігерлердің мүмкіндіктерін едәуір кеңейтіп, өңірдегі балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттырады.

«Сәби» қоры Қазақстандағы денсаулық сақтау саласының дамуын жүйелі түрде қолдап келеді және жедел балалар медициналық көмегіне ерекше көңіл бөледі. НАО «Семей медициналық университеті» қордың негізгі бенефициарларының бірі болып табылады. 2020 жылы қор бұл жерде жедел балалар хирургиясы бөлімін салып, толық жабдықтаған болатын, ол Шығыс Қазақстан облысы мен көрші өңірлердегі балаларға мамандандырылған көмек көрсететін орталыққа айналды.

«Балалардың денсаулығын қолдау – біздің жұмысымыздың басты бағыттарының бірі. Біз медициналық мекемелерді заманауи жабдықтармен кешенді түрде қолдай отырып, дәрігерлерге балаларға барынша тиімді әрі қауіпсіз көмек көрсетуге жағдай жасаймыз. Бұл аппаратты тапсыру өңірдегі хирургиялық көмектің сапасын арттырудағы тағы бір маңызды қадам болды.

Сонымен қатар, «Сәби» қоры көптеген жылдар бойы жеке бизнеспен тұрақты ынтымақтастық орнатып келеді. Осындай серіктестік арқылы біз көптеген әлеуметтік маңызды бастамаларды, оның ішінде медициналық жобаларды жүзеге асыра аламыз. Біз әрқашан серіктестікке ашықпыз және күштерді біріктіру нақты әрі ұзақ мерзімді нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретініне сенімдіміз», – «Сәби» қорының президенті Әсел Тасмағамбетова.

L’aroush зергерлік үйі үшін бұл жобаға қатысу брендтің әлеуметтік миссиясының табиғи жалғасы болды. Ана мен қыз негізін қалаған бренд бастапқыдан-ақ қамқорлық, ұрпақтар сабақтастығы, әйелдер мен балаларды қолдау құндылықтарын бойына сіңірген. «Сәби» қормен қайырымдылық серіктестік L’aroush-тың тек эстетика әлеміне ғана емес, сонымен қатар нақты әлеуметтік маңызы бар өзгерістерге үлес қосуға деген ұмтылысын көрсетеді.

«Біз үшін сұлулықтың мәні болуы маңызды. Балаларға көмектесіп, дәрігерлердің өмір сақтап қалуына ықпал ететін жобаларды қолдау — L’aroush философиясы мен қоғам алдындағы жауапкершілігіміздің табиғи жалғасы»,Шынар Сүйендікова, L’aroush зергерлік үйінің негізін қалаушылардың бірі.