Қазақстанда Dos.Academy онлайн-мектебі іске қосылды – бұл еліміздегі ең ірі қорлардың құрылтайшылары, сарапшылар мен мамандардың ондаған жылдық тәжірибесіне негізделген, коммерциялық емес және үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлеріне арналған жан-жақты базалық оқыту бағдарламасы. Курстың аясында дәл осы тәжірибелі мамандар спикер және оқытушы ретінде қатысып, өз білімдерімен және жұмыс барысында жинаған нақты кейстерімен бөлісті.

«Сәби» қайырымдылық қорының президенті Әсел Тасмағамбетова мектептің негізгі сарапшыларының бірі ретінде шақырылды. Қайырымдылық ұйымын басқарудағы мол тәжірибесі, әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобаларды сәтті жүзеге асыруы және еліміздегі үшінші сектордың дамуын терең түсінуі  арқылы ол өз тәжірибесі мен білімімен курс қатысушыларымен бөлісті.

Әсел Иманғалиқызы арнайы сабақтар сериясын дайындап, онда коммерциялық емес ұйымдардың қызметінің негізгі қағидаларын ашып көрсетті: миссия мен негізгі мақсаттарды айқындаудан бастап, тұрақты даму стратегиясын құруға дейінгі барлық кезеңдерді егжей-тегжейлі түсіндірді.

Қор президенті «Сәби» ұйымындағы нақты жұмыс тәжірибесін мысалға ала отырып, ауқымды жобаларды іске асыру, серіктестіктерді тиімді құру және жылдар бойы нәтижелілікті сақтау жолдарымен бөлісті. Сол себепті оның сабақтары тыңдаушылар үшін тек теориялық білім көзі емес, кең тараған қателіктерден сақтап, коммерциялық емес ұйымның қызметін берік және кәсіби негізде қалыптастыруға бағытталған практикалық нұсқаулыққа айналды.

Мектеп бағдарламасында барлығы 15 тақырыптық модуль қамтылған, олар коммерциялық емес ұйымдарды басқару, қаржылық тәртіп, фандрайзинг, гранттық бағдарламалар, маркетинг пен PR, құқықтық талаптар, коммуникациялар, эмоциялық күйзеліспен жұмыс және тағы басқа маңызды тақырыптарды қамтиды. Бұл – Қазақстанның нақты жағдайына бейімделген жергілікті әрі практикалық білім болып табылады және де  халықаралық білім беру платформаларында кездеспейтін, коммерциялық емес ұйымдардың күнделікті қызметінде шын мәнінде көмектесетін маңызды тәжірибе жинақтамасы.

Dos Community өз туған күніне орай алғашқы 50 тіркелген ұйымға «dos3years» промокодымен онлайн-мектепке тегін қатысу мүмкіндігін сыйға тартады.

Толық ақпаратты @dos.community аккаунтынан біле аласыз.