«Сәби» қоры өзінің шотына жеке тұлғалардан келіп түскен жарналарлың арқасында тағы бірнеше бенефициарларға қолдау көрсетті.

Олардың арасында Алматы қаласының әлеуметтік мекемелерінің түлектерін бейімдеу және қолдау орталығының тәрбиеленушісі — Ринат Садықов бар. Қор жас жігітке университетте қашықтықтан оқытуға арналған ноутбук сатып алып, сыйға тартты.

Үшінші курстың студенті — Ерасыл Амантай — арбамен жүретін мүгедек, біз оған өмір сүруге қолайлы жағдай жасау үшін арнайы жабдықтар мен тұрмыстық техника сатып алуға көмектестік.

Үшінші бенефициар, қымбат «Сабрил» дәрі-дәрмегін сатып алған және сыйға тартқан, алты жасар бала Тамерлан болды.

Үлкен ағалармен бірге тоғыз жасар Айзере қолдауға ие болды – жас қызға Санкт-Петербургте В.А. Алмазов атындағы клиникада медициналық тексеруден өту үшін барлық қаражаттар төленді.

Біздің қорға қайырымдылық жасайтындардың барлығына зор алғысымызды білдіреміз. Мейірімділігіңіз бен жомарттығыңыз екі еселенсін. Рақмет сіздерге!