Қазақстанда тамыздың екінші жартысы білім беру ұйымдарына талапкерлерді қабылдауға қатысты жаңалықтар мен әурелерге толы.

Біз өз кезегімізде «Сәби» қоры ұйымдастырған ҰБТ-ға дайындық бойынша сабақтарға барған балалардың жақсы нәтижелерімен бөлісуге қуаныштымыз.

Биылғы оқу жылында Алматы облыстық А. И.Нүсіпбаев атындағы мектеп-интернаттың түлектері онлайн түрде тестке дайындалды.  Карантин кезінде туындаған қиындықтарға қарамастан, балалар өз қорқыныштары мен уайымдарын жеңе білді, 11 жоғары сынып оқушыларының 10-ы өту баллдарын алды, олардың 8-і Алматы мен Астана қалаларында орналасқан ЖОО-на грантқа қабылданды. ҰБТ негізінде біздің түлектердің орташа баллы 89 болды.

Біздің Қордың бенефициары және 6-сыныптан бастап біз ұйымдастырған математикалық курстардың қарқынды қатысушысы болып табылатын, дарынды – Әлібай Әкежанды атап өткіміз келіп отыр. Әкежан 138 балл алып, керемет нәтижемен Astana IT University-не «Ақпараттық қауіпсіздік» мамандығы бойынша оқуға түсті.

Барлық түлектерді біз шын жүректер құттықтап және барлықтарына жақсы оқу мен көптеген жаңа ашылулар тілейміз!