Менің ойымша, мейірім, рақымдылық, махаббат – бұл қайырымдылықтың үш тірегі. Сондай—ақ, әрбір адамның бойындағы негізгі қасиеттер. Қайырымдылықпен айналысу сәйкесінше – қалыпты жағдай, ол ешкімді таңғалдырмауы тиіс. Қай кезден бері адамсүйгіштік тылсым төтенше жайтқа айналып, арсыздық, қатыгездік пен өзімшілдік қалыпты күйге енді? Ұғымдардың осылайша өз орындарын ауыстыруы – қазіргі таңда тек өзіңді ғана сүй атты сәнді ұрандармен де бекітілуде. Олар адамдарды шатастырып, бағдарды бұзады.
Осының барлығы және маған әрдайым қойылатын «мен қайырымдылыққа қалай және не үшін келдім» сұрағы мені таң қалдырады. Бұл келіп кететін жол емес: мен үшін қайырымдылық – қалыпты жағдай. Ол менің өмірімнің үлкен бөлігін алады, алайда бұл жерде ерекше не өзге мән-мағына жоқ. Қайырымдылық өмірді толықтырады, тұлғаны жігерлендіреді, ішкі дүниеңді байытып, толтырады. Бұл түсінікте, мен – бақытты жанмын!
Менің қайырымдылық қызметімнің айтарлықтай нәтижелері бар. 17 жыл бойы «Сәби» қоры тұрақты негізде жүйені құрайтын 9 жобаны жүзеге асырып келеді, олардың 8-і республикалық деңгейде жұмыс жасауда. Тағы екі ірі бағдарлама осы жылы қосылды. Бірнеше жобалардың нәтижелері соншалықты жақсы болғандықтан, оларды кейде кейбір шенеуніктер де иемденіп алған жағдай да болған. Бұл енді күлкілі!
Менің болашаққа көптеген ойларым бар, әлі де біршама нәрсені жақсы тарапқа бұрғым келеді! Мен бәрі мүмкін екендігіне күмәнсіз сенемін. Қайырымдылық және меценаттылықпен барлық адам айналысып, күндердің бір күнінде бұл күнделікті іске айналатынына сенемін. Себебі, жақсылық жасау үшін көп ақша болуы қажет емес – өз кеңесіңмен, көңіл бөлуің немесе құзыретіңді қолдану арқылы көмектесуге ниетіңнің болуы да жеткілікті. Сонымен қатар, келешекте өзін-өзі жарнамалауда немесе өзге де құпия мағынадағы деген ой-пікірлер азайып, әр адам өзінің қайырымдылық қызметінің нәтижелерімен жеңіл бөлісетін күн туатынына да сенемін, себебі жақсылық жасау барлығы үшін қалыпты жағдай болу керек.
Ал бүгін мен сүйікті сәбиімдей болған «Сәби» қорын туған күнімен құттықтаймын!