Атаулы көмек — біздің жұмысымыздың маңызды бағыттарының бірі.

Біз өмірлік қиын жағдайға тап болған жандарға қолдау көрсетеміз, олардың қатарында ауыр диагнозы бар балалар, қарт кісілер және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар бар.

Жуырда сіздердің белсенділіктеріңіз бен шынайы жанашырлықтарыңыздың арқасында үш отбасыға атаулы көмек көрсетілді. Бұл – энтералды тағам, арнайы медициналық кереует, сондай-ақ маңызды әрі есте қаларлық өмірлік сәттерге қатысу мүмкіндігін қамтыған мақсатты көмек.

Біз әрбір жағдайға жеке қарап, адамның шынайы қажеттілігіне сай қолдау көрсетуге тырысамыз. Ресурстарды тиімді әрі дәл бағыттау – көмектің өз уақытында, қажетті жерге жетуінің басты шарты.

Ізгі іске үлес қосып жүрген барлық жанашыр жандарға шын жүректен алғыс айтамыз.