Десятый поэтический конкурс

Благотворительный Фонд «Саби» объявляет начало Десятого поэтического конкурса на государственном языке Республики Казахстан (далее Конкурс) среди молодежи.

Конкурс проводится с 21 января 2020 по 30 апреля 2020 года.

В Конкурсе могут участвовать молодые авторы в возрасте от 7 до 24 лет, пишущие на государственном языке. Место проживания, гражданство и национальность значения не имеют.

Объявление главных итогов Конкурса будет опубликовано на сайте www.saby.kz  – 01 июня 2020 г.

Правила участия в конкурсе описаны ниже на государственном языке.

 

Сайыс туралы мәліметтер

 

Басты мақсаты

1. Қалың жұртшылықтың назарын қазіргі заманғы балалар поэзиясына аудару.

2. Оқырман қауымға қазақ тілінің сөз байлығын, көркемдігін, тазалығын және мағына тереңдігін паш ету.

3. Қазақ тілін қазақ мәдениетінің әдеби және өнегелік негізі ретінде насихаттау.

4. Қазіргі заманғы дарынды қазақ тілді ақындарды анықтау, олардың шығармаларын көпшілікке, әдебиеттанушыларға және баспагерлерге ұсыну.

5. Олардың жұмыстарын балалар өлеңдерінің жинағына жариялауға қаржылай қолдау көрсетуге мүмкіндік, шығармашылық дамуына және елге танылуына ықпал жасау.

Марапаттар

Жеңімпаз басты жүлде – ноутбукқа ие болады.

Сайыс шарттары

Сайысқа әр түрлі жанрда қазақ тілінде жазылған, бұрын жарияланған, сол секілді ешқашан жарияланбаған саналы өлшемдегі поэтикалық шығармалар қатысады. Өлеңдердің тақырыптары: әр түрлі.

Әрбір қатысушы өз таңдауымен ең жақсы 3 өлеңге дейін жіберуге құқы бар.

 

Сайысқа қатысушының материалдарына қойылатын этикалық талаптар

Мынадай материалдарды жариялауға жол берілмейді:

- лексикасы нормативтен тыс мазмұндағы;

- экстремистік сипаттағы;

- нақтылы бір адамдардың ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін;

- порнографиялық және сексуальдық сипаттағы;

- балаларға жағымсыз кері әсер ететін;

- ұлттық, нәсілдік немесе соған ұқсас өзге сипаттағы;

- дінге қарсы және экстремистік сипаттағы;

- өмірден түңілген сипаттағы.

Сайысқа қатысушылар үшінші тұлғалардың авторлық құқықтарын бұзғаны үшін дербес жауапкершілік көтереді.

 

Қатысушының өтінімі

Сайысқа қатысушы Ұйымдастырушылардың атына электронды пошта арқылы (saby@saby.kz) хат жолдайды, хатпен бірге:

- сайыстық өтінішi  тапсырады (өтініштің үлгісі осында тіркелген), осылайша ұйымдастырушыларға өз шығармаларын saby.kz сайтында және әлеуметтік желілерінде қайтарымсыз жариялауға өзінің сөзсіз келісімін білдіреді;

- 3 өлең тіркелген файлдар;

- қатысушының фотосы (ықылас бойынша).

Сайыстың жұмыс органдары

Сайысты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралардың тікелей жүзеге асырылуын Ұйымдастырушылар өз мойнына алады.

Сайыстың редакциясы мен әділқазылар алқасы Ұйымдастырушылардың қалауымен жасақталады.

Сайыс редакциясының сайысқа арналған өлеңдерге алдын ала іріктеу жүргізуге құқығы бар.

Сайыс редакциясы Сайысқа жолданған өлеңдерді редакциялау құқығын өз мойнына алмайды.

Редакция Сайысқа жолданған өлеңдердің мазмұнына жауап бермейді.

Сайыс ұйымдастырушыларының құқығы

Әрбір автордың іріктелген шығармаларын ұйымдастырушылардың сайтында, әлеуметтік желілерінде жариялауға авторлар өздерінің өтінішінде жазбаша келісімдерін береді.

Өздерінің жұмыс қызметінде Сайыстың материалдарын пайдалануға құқығы бар.

Ұйымдастырушылар Сайыстың барлық кезеңдерінде үздік жұмыстарды қосымша ынталандыру құқығын өздеріне қалдырады.

Сайыс қорытындысы

- сайыс жеңімпаздарын анықтауы;

- жүлдені – ноутбукты беру;

- сайыстың қорытындысын ақпаратты saby.kz сайтында  және әлеуметтік желілерінде мәлімдеу.

Байланыс

Ұйымдастырушылардың ресми сайты: www.saby.kz

Өтінімдер тапсыруға және жұмыстарды жолдауға арналған электронды адрес: saby@saby.kz, alem@saby.kz

Барлық қажетті ақпаратты мына байланыс телефон арқылы алуға болады: 8 (727) 311 29 38

21.01.2020
16.08.2019
Новости Образовательной…

       Спешим поделиться хорошими новостями Образовательной программы Фонда «Саби». Трое ребят-выпускников,…

Образовательная программа
16.08.2018
Курсы по «Монтессори» в…

                 Недавно для  воспитателей Областного специализированного  Дома ребенка  г.…

Образовательная программа
13.07.2018
Результаты ЕНТ-2018

Друзья, с удовольствием делимся с вами отличной новостью. Ребята из наших подшефных социальных учреждений, в течение 8…

Образовательная программа