Жаңа бронхоскоптың көмегімен үш жасар баланың өмірін құтқару тарихы

Бүгін біз сіздермен Семей қаласының шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесіне  арнап "Сәби" қоры сатып алған жаңа бронхоскоптың көмегімен үш жасар баланың өмірін құтқару тарихымен бөліскіміз келеді 

Балалар стационарының қабылдау бөліміне 3 жастағы бала шұғыл түрде ауыр жағдайда: тыныс алудың қиындауы және тоқтаусыз жөтел туралы шағымдармен түсті. Анамнезден баланың тамақтану кезінде жаңғақпен тұншығып қалғаны белгілі болды, содан кейін жоғарыда аталған шағымдар пайда болған. Аталған барлық деректерді ескере отырып, шұғыл түрде диагностикалық бронхоскопияны жүргізу туралы шешім қабылданды.

Ең жаңа бронхоскоп пен дәрігерлердің жоғары кәсібилігінің арқасында баланың бронхтарынан бірнеше жаңғақ кесектері сәтті алынып тасталды. Операция тез және асқынусыз өтті. Қазір кішкентай науқас өзін жақсы сезінеді және дәрігерлердің бақылауында.

Біз аталған жабдықтың дәрігерлерге өз жұмысын одан да тиімді орындауға және балалардың өмірін сақтап қалуға көмектесіп жатқанына өте қуаныштымыз.

Естеріңізге сала кетейік, жабдықты сатып алу өткен жылдың қараша айында "Сәби" қоры мен BVLGARI үйінің бірлесіп өткізген қайырымдылық кешінің нәтижесінде жиналған қаражаттың арқасында мүмкін болды. Біз Bvlgari үйіне, серіктестерімізге, Қордың достарына және біздің құрметті меценаттарымызға көрсеткен қолдауы, жоғары сенімі және әлеуметтік жобамызды жүзеге асыруға атсалысқаны үшін үлкен алғысымызды білдіреміз!

06.09.2024

20.09.2024
Атырау облысының балаларына интерактивті панельдер сыйғ…

Биылғы су тасқыны Қазақстан тарихындағы ең жойқын оқиғалардың бірі болды. ҚР 10 өңірінде төтенше жағдай енгізілді. Апат аймақтарынан 120 мыңға жуық ад…

Жаңалықтар
06.09.2024
«Сәби» қайырымдылық қоры Астана қаласына дары…

«Сәби» қайырымдылық қорының арқасында дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебінде 18 жыл ішінде алғаш рет жаңа заманауи ғима…

Жаңалықтар
19.01.2024
БҰҰ Жаһандық шартына қосылу

"Сәби" Қоры тұрақты даму саласындағы ең ірі халықаралық бастама - Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық шартына қосылғанын хабарлауға қуаныштымы…

Жаңалықтар