Жаңа мекендегі Сәби үйінің тіршілік тынысы

Жаңа  мекендегі  Сәби  үйінің  тіршілік  тынысы Бала – біздің болашағымыз. Сол болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру – барша адамзаттың міндеті болса, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға деген мейірімділік ерекше болуы сөзсіз. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты дәстүрлі Жолдауындағы басымдықтардың негізгі бөлімнің бірі баланы қорғау, оның ішінде ата-анасың қамқорлығынсыз қалған балалар құқығын қорғау болып отыр.

90 жылдан астам тарихы бар Қызылорда қаласында орналасқан Сәби үйі Байсеитова көшесіндегі 50 жыл бұрын салынған типтік емес ескі ғимараттан 2013 жылдың басында «Сәби» жеке қайырымдылық қорының демеушілігімен еңселі де, жарық заманауи үлгідегі жабдықталған, отбасылық жылумен мейірлендірілген жаңа ғимаратқа қоныс аударды. Бұл салынған ғимаратта бала тәрбиесі мен күтіміне, оның жан-жақты өсіп жетілуіне, дамуына, емдік шаралардың сапалы жүргізілуіне барлық мүмкіндіктер толық қарастырылған. Ойын алаңдары, физио - массаж, емдік жаттығулар, баланың толық өсіп жетілуіне қалыпты орта жасау үшін қарастырылған Монтессори бөлмесі түрлі сенсорлық ойыншықтармен, жиһаздармен, модульдермен және құрал - жабдықтармен қарастырылып, олар білікті мамандармен қамтылған. Монтессори педагогикасында ерте жастан дамытудың маңыздылығы ерекше: баланың психофизиологиялық дамуына мүмкіндік жасайды, барлық сыртқы сезімді дамытады, жоғары интеллектуалдық көңіл күйді, сонымен қатар этикалық және эстетикалық сезімді тәрбиелейді,баланы «дұрыс» қоршаған ортаға қалыптастырады.

Осындай мүмкіншіліктер «Қалалық сәби үйі» статусын «Облыстық сәби үйіне» ауыстыруына үлкен ықпал етті. Осыған орай, Қызылорда облыс әкімдігінің 2013 жылғы 06 тамызындағы № 221 қаулысына сәйкес, 01.09.2013 жылдан бастап қалалық сәби үйінің атауы «Облыстық мамандандырылған сәби үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.

Барлық күту және тәрбие жұмыстары барынша үй жағдайындағыдай өткізіледі. Тәрбиешілер барынша аналық мейірімін төгіп, балаларды ауыртпай бағып – қағып, қолдан келгенше тәрбиелейді, сонымен бірге ауруды алдын – алу, науқас балаларды сауықтыру, оңалту-түзету, диспансерлеу жұмыстары жүргізіледі. Осындай көлемді жұмыстардың арқасында жалпы жұмыс көрсеткіштерінде мынадай жетістіктер бар: балалар өлімі орын алған жоқ, жұқпалы және соматикалық аурулар саны азайды, тиімді емделудің арқасында сәбилердің жүйке психикалық жетілуі жақсарып, балалардың асырап алуға жарамдылығы артты.

Ізгілік пен қайырымдылық қадамы әрдайым құрметке лайық. Ал жүрек жылуынан туған қайырымдылық шуағы сәбилерге арналып жатса, бұл құрметті айырықша бағалауға тұрады. Елбасымыз «Алаштың анасына» балаған аймақта орналасқан облыстық сәби үйі ұжымын ана мен баланы қорғау, оның ішінде ата-анасының қамкорынсыз қалған балаларды қорғау және қолдау ел саясатының маңызды құрамдас бөлігі болуы қатты толқытады және қуантады.

02.04.2014
20.09.2024
Interactive Panels for Children in the Atyrau…

Interactive Panels for Children in the Atyrau Region This year's floods have been some of the most devastating in Kazakhstan's history. A state of emergency was declared in 10 regions of the country. Approximately…

News
06.09.2024
Today we would like to share with you the story…

Today we would like to share with you the story of saving the life of a three-year-old child with the help of a new bronchoscope purchased by Sabi Foundation for the emergency pediatric surgery department of Semey…

News
27.02.2024
Joining the UN Global Compact

We are pleased to announce that the Saby Foundation has joined the United Nations Global Compact, the largest international initiative in the field of sustainable development. Over the course of 22 years of activity, our…

News