Димаш Құдайбергенмен кездесу

Біз сіздермен тамаша жаңалықпен бөлісуге қуаныштымыз. Бүгін белгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «Домбыра-Дастан» домбырашылар байқауының жеңімпазы Нұрдәулет Сағатбекпен кездесті.

Димаш Құдайберген – әлемдік сахнаның нағыз жұлдызы және заманымыздың көрнекті орындаушысы. Жұлдызды мәртебеге қарамастан, ол өнер жолын енді бастап жатқан жас музыкантпен танысқысы келетінін білдірді.

Нұрдәулет Димаш Құдайбергеннің және Қазақстанның белгілі домбырашысы, дирижер Абылай Тілепбергеновтың алдында бірнеше күй тартып, жоғары баға алып, оның болашақ музыкалық мансабына маңызды кеңестер алды.

Біз Димашқа Қазақстанның дарынды жастарының назары мен қолдауы үшін шын жүректен алғыс айтамыз.

Еске салайық, «Домбыра-Дастан» байқауын «Сәби» Қоры 2021 жылы 6 мен 15 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге арнап бастаған болатын. Байқаудың жүлде қоры 40 миллион теңгені құрады, осы сома Қазақстан Республикасының әр өңірінен келген сегіз жас орындаушыға бөлінді.

15.11.2022
16.05.2023
Мұқан Төлебаев атындағы…

«Сәби» Қорының көп жылдар бенефициар мекемелерінің бірі – Алматы қаласындағы №5 балалар музыка мектебі болып…

Жаңалықтар
11.04.2023
БҰҰ-ның тұрақты даму…

2015 жылы БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттары (ТДМ)  ресми жүзеге асырылғанға дейін, Қор қызметі мейірімділік, сапалы білім беру,…

Жаңалықтар
06.03.2023
«Өз ісіңді баста 2022-2023»…

Алматыда «Өз ісіңді баста 2022-2023» IX жас кәсіпкерлерді қолдау байқауының жеңімпаздары анықталды. «Сәби»…

Жаңалықтар