Достар, біз сіздердің қолдауларыңыз бен қамқорлықтарыңыздың арқасында көрсеткен атаулы көмек туралы есеппен бөліскіміз…
Жеке тұлғалардан аз болса да, бірақ үнемі түсіп тұратын, "Сәби" Қорының есеп айырысу шотына және картасына аударылған ақшаның арқасында, біз БЦС диагнозы бар Іңкәр деген қызға вертикализаторды және жүруге арналған арбаны сатып алуға қажетті соманы жинай алдық. Жас балдырған көп балалы отбасында тұрады, жанұяның табыс деңгейі балаға оңалту жабдығын алуға мүмкіндік бермеді.
Сондай-ақ, Қанат деген ересек кісіге де көмек көрсетілді. Ер адам мүгедектер арбасын сатып алу үшін ақшаның біраз бөлігін өзі жинады. Ал біз жетіспейтін соманы бердік. Жаңа арба ыңғайлы және еркін қозғалуға мүмкіндік береді деп үміттенеміз.
Біздің қорға ақша қаражатын құрбан еткендердің барлығына тағы да алғыс айтамыз. Сіздің көмегіңіз баға жетпес!
Достар, біз сіздердің қолдауларыңыз бен қамқорлықтарыңыздың арқасында көрсеткен атаулы көмек туралы есеппен бөліскіміз…
"Сәби" Қоры өзінің медициналық жобасы шеңберінде Түркістан қаласындағы "Үміт ұясы" оңалту орталығына арнап…
Негізгі жобалар мен мақсаттардан бөлек, біздің Қор өмірлік қиын жағдайға тап болған - ауыр сырқаттар мен мүгедектікке…