Тоғызыншы рет мемлекеттік тілде өткізіліп отырған ақындар сайысының қорытындысымен "Сәби" қайырымдылық…
«Саби» Қайырымдылық қоры ұйымдастырған мемлекеттік тілдегі мерейтойлық X Ақындар мүшайрасының қорытындысымен бөлісеміз.
Біздің әдебиет саласындағы тұрақты сарапшымыз, ақын, жазушы, аудармашы, журналист және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Байбота ҚОШЫМ-НОҒАЙ сайысқа бүкіл Қазақстаннан келіп түскен өлеңдерге баға берді.
Шығармашылық байқаудың нәтижесі бойынша жалғыз жеңімпаз анықталды, ол алматылық 14 жасар Абай есімді жас ақын, ол Абай атындағы Республикалық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының оқушысы болып табылады.
Біздің сарапшымыздың айтуы бойынша, ұлы Абайдың 175 жылдығы мен «Саби» қорының өлеңдер байқауының 10 жылдығына орай Абайдың үздіктер қатарынан көрінгені жақсы ырымға аударып отырмыз, ең бастысы ның жоғары деңгейге көтерілуіне барлық мүмкіндігі бар. Жас ақын байқаудың басты жүлдесі - ноутбукке ие болады, сонымен қатар мектепті аяқтағаннан кейін біздің Қордан білім грантын алуға өтініш беруіне мүмкіндігі бар.
Назарларыңызға Абайдың өлеңдерін ұсынамыз:
ҚАСИЕТ
Шаңырағымды Керей-Жәнібек көтерген,
Арпалыстым, жеңілмедім бөтеннен.
Азаттықтың арайланған ақ таңы
Бабалардың қаны емес пе өтелген.
Абылай боп көштің жолын ашқанмын,
Анталаған жаудың мысын басқанмын.
Елін сатқан, жерін сатқан озбырдан
Құдай берген намысыммен асқанмын.
Қасым ханның қасқа жолын қуғанмын,
Қанға сіңген ар, мінезбен туғанмын.
Қазақпын деп мөрін қойып мәңгіге,
Белімді де бекем қатты буғанмын.
Тәуке еді заң қып «Жеті жарғысын»,
Жолатпаған өзгелердің қарғысын.
Найза менен тең ұстаған білімді,
Қасиетті өр қазағым, арлысың.
Қас дұшпандар жеңеміз деп сенбеген,
Қан жарасын өзі жалап емдеген.
Қайратымен атырапқа танылған
Қазағымның ұланымын мен деген!
*****************************************
ОЯНБАППЫН
Оянбаппын, ұйқым әлі қанбапты,
Көремін тек дауыл қуған қаңбақты.
Міржақыптың сөзін ешбір елемей,
Жаным менің тәтті ұйқыны таңдапты.
Неге ұйқыда жатырмыз біз әлі де,
Озып кетті, дара шығып бәрі де.
Шынымен де нағыз маубас болдық ғой,
Ояналық кешке емес, таң сәріде.
Ұйқы дейтін адамзаттың қас жауы,
Міне, осы күнә істің бастауы –
Көз үйренген қазақ үшін қазірде,
Өрт келсе де, асықпауы, саспауы.
Ақ жүрегім – әсем, сәнді бауымдай,
Тағылымым – жиналған дос, қауымдай.
Ақыл, қайрат – екі алып тауымдай,
Ұйқы деген болды бірақ жауымдай.
Тоғызыншы рет мемлекеттік тілде өткізіліп отырған ақындар сайысының қорытындысымен "Сәби" қайырымдылық…
"Саби" қайырымдылық қорының қолдауымен жыл сайы ұйымдастырылатын мемлекеттік тіліндегі Жас ақындар сайысы-2019…
«Сәби» Қайырылымдылық Қоры Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліндегі Тоғызыншы балалар өлеңінен ақындар…