Атырау облысының балаларына интерактивті панельдер сыйға берілді Биылғы су тасқыны Қазақстан тарихындағы ең жойқын…
Өткен жұмада «Сәби» қорының президенті Әсел Тасмағамбетова Ақтау қаласына жұмыс сапарымен барды.
2019 жылы Асель Тасмағамбетова ашқан Каспий итбалықтарын зерттеу және қалпына келтіру орталығында Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мирзағалиевпен кездесу өтті. Орталық пен қоршаған ортаны қорғау жөнінде мемлекеттік органдарының Каспий эндемикасын қорғау және өсімін молайту бойынша кешенді шаралар қабылдау жөніндегі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Сол күні «Шұғыл балалар хирургиясы» жобасы аясында Қор басшысы Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасында болып, мекеменің бас дәрігерімен және медициналық қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында «Сәби» қоры алдағы уақытта жаңа жоғары технологиялық операциялық бөлімнің құрылысы бойынша өзекті мәселелерді шешіп, міндеттерін анықтады.
Сонымен қатар, Әсел Иманғалиқызы «Өз ісіңді баста 2016-2017» байқауының жеңімпазы @ d.shop «Дария» аналарға арналған киім бренді шығаратын тігін цехіне де жолықты. Кезінде бұл жоба Қордан 50 000 доллар көлемінде грант алып, белсенді түрде дамып келе жатқанын қуанышпен атап өтуге болады.
Сапар қарқынды және жемісті болды, «Сәби» қорының батыс өңіріндегі жобаларының дамуының басымдылықтары мен жоспарлары анықталды.
Атырау облысының балаларына интерактивті панельдер сыйға берілді Биылғы су тасқыны Қазақстан тарихындағы ең жойқын…
Әсел Тасмағамбетова мен Кеңес Рақышевтің "Сәби" қайырымдылық қоры Астана қаласына дарынды балаларға арналған мектеп…
Бүгін біз сіздермен Семей қаласының шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесіне арнап "Сәби" қоры сатып алған жаңа…