Атырау облысының балаларына интерактивті панельдер сыйға берілді Биылғы су тасқыны Қазақстан тарихындағы ең жойқын…
«Сәби» қорының «Өз ісіңді баста» байқауының түлектерімен өзара әрекеттесу тақырыбын жалғастыра отырып, кейбір жақсы жаңалықтармен бөліскіміз келіп отыр.
Былтырғы жылдың сайыстың финалисті - қоғамдық кафенің негізін қалаушы Маулен Ахметов бізмен хабарласқан болатын. Ақыл-ой дамуының ерекшеліктері бар адамдамдар жұмыс істейтін мекемеде асханалық керек-жарақтар, аспаптар мен ас құралдарын қажет етеді. Біз өз тарапымыздан қайтсек те қолдау көрсеткіміз келді, Алматы мен Астананың ірі мейрамханалық желілеріне кәсіптік ыдыс-аяқтар артық болса бөлісу туралы сұраулар жібердік.
«AB Restaurants» (DelPapa, Compote, Pinsa Balboa, Афиша, Aroma, Cafeteria) мейрамхана желісінің өкілдері біздің өтінішімізге мейірімділікпен жауап берді. «AB» қызметкерлері «Kunde» кафесіне асханалық аспаптар, табақтар, шыныаяқтар, қазаншалар және басқа да ыдыстарды керемет сапада жеткізіп берді.
Біз осы керемет желінің бүкіл командасына мейірімділік көрсетіп, қайырымдылыққа қатысқаны үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз!
Және де біз осы рухтандыратын істі басқаларға үлгі тұтуға шақырамыз, өйткені кез келген көмек, тіпті бір қарағанда тарыдай болатын жәрдем, басқаларға маңызды болып өмірін жақсарта алады!
Атырау облысының балаларына интерактивті панельдер сыйға берілді Биылғы су тасқыны Қазақстан тарихындағы ең жойқын…
Әсел Тасмағамбетова мен Кеңес Рақышевтің "Сәби" қайырымдылық қоры Астана қаласына дарынды балаларға арналған мектеп…
Бүгін біз сіздермен Семей қаласының шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесіне арнап "Сәби" қоры сатып алған жаңа…