Достар, біз сіздердің қолдауларыңыз бен қамқорлықтарыңыздың арқасында көрсеткен атаулы көмек туралы есеппен бөліскіміз…
Жыл басында «Сәби» Қорының атына Бесағаш ауылының №29 жалпы білім беретін орта мектебінен қаржылай қолдау көрсету туралы хат келіп түсті. Оқу орнының әлеуметтік педагогы мүмкіндігі шектеулі он үш балаға және толық емес отбасынан шыққан он балаға сыртқы киім алуға көмек көрсетуді сұрады. Бұл балалар ата-аналары мен туыстары сатып ала алмайтын жылы киім мен аяқ киімдерге өте мұқтаж.
Біз, өз кезегімізде, Қазақстанның он ірі кәсіпорнына демеушілік көмек сұрап хат жолдадық. Біздің сұрау салуымызға Raimbek Group және Hyundai Premium Almaty компанияларының PR-қызметінің өкілдері сыпайылықпен жауап берді. Осы компаниялар көрсеткен қаржылық көмектің жалпы сомасы 690 000 теңгені құрады. Осы сомаға әлеуметтік педагог балалардың ата-аналарымен бірге сапалы жылы сыртқы киім мен аяқ- киім жинақтарын сатып алды.
Біз екі компанияның басшылығы мен ұжымына біздің Қорға көрсеткен жоғары сенім мен қоғамның ең қорғалмаған бөлігінің мәселелеріне немқұрайлы қарамағаны үшін шын жүректен алғыс білдіреміз. Осындай іс-әрекеттер біздің қаланың басқа ұйымдары үшін тамаша өнеге болады деп үміттенеміз. Өйткені, біз біріккен кезде ғана көптеген адамдардың өмірін жақсы жаққа өзгерте аламыз.
Достар, біз сіздердің қолдауларыңыз бен қамқорлықтарыңыздың арқасында көрсеткен атаулы көмек туралы есеппен бөліскіміз…
"Сәби" Қоры өзінің медициналық жобасы шеңберінде Түркістан қаласындағы "Үміт ұясы" оңалту орталығына арнап…
Негізгі жобалар мен мақсаттардан бөлек, біздің Қор өмірлік қиын жағдайға тап болған - ауыр сырқаттар мен мүгедектікке…