Ақтөбеге де көмек жетті

Біз коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты жағдайлары қиын болып жатқан аймақтарға қажетті дәрі-дәрмектермен көмек көрсетуді жалғастырудамыз.

Жақында біздің Қор «Ақтөбе қаласының сал аурына шалдыққан азаматтарының одағы» қоғамдық ұйымына дәрі-дәрмектерді тапсырды. Амбулаториялық емдеуден өтіп жатқан 1-топтағы мүгедектер арасында COVID-19 емдеуіне арналған 1587 қораптама көлемінде дәрі-дәрмектер ақысыз таратылды.

Дәрі-дәрмектерді Қазақстанның әр-түрлі аймақтарына тегін жіберу бойынша науқан «Сәби» қорының меценаттарының, сондай-ақ біздің үндеуімізге жауап берген «Өз ісіңді баста» байқауының финалистерінің қолдауы арқасында мүмкін болғанын айтқымыз келеді. Атап айтсақ: Толқынай Шыназарова (AlfaSat жобасы), Азат Шауен (Qaz.Academy), Үміт Касымова (OIKO) және Мәулен Ахметов (Kunde Cafe) бізге қолдарынан келгенше қолдау көрсетті. Ал «Дария» сауда белігісінің авторы Әсел Жекенованың тігін шеберханасында бізге арнайы тігілген 200 масканы  сыйға тартты. Бұл маскалар гуманитарлық көмек ретінде Атырау қаласына тегін таратылатын болады.

Біз барлық қатысушыларға  қайырымдылыққа қатысқандары үшін алғыс айтамыз және барлығына мықты денсаулық тілейміз!

28.07.2020
21.11.2024
Балалар дәрігерлерінің…

2018 жылы «Сәби» қоры Қазақстан өңірлерінде балаларға медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында «Шұғыл…

Медициналық жоба
27.05.2024
Семей қаласына арналған…

Семей қаласының шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесіне арнап "Сәби" қоры фибробронхоскопы бар балалар бронхоскопиясына…

Медициналық жоба
19.03.2024
Петропавл қаласына…

Өткен жылдың қараша айында Алматы қаласында «Сәби» Қоры үшін Bvlgari зергерлік бұйымдары мен сағаттар үйі қайырымдылық…

Медициналық жоба