Ақындар сайысы-2019 жалғасуда

"Саби" қайырымдылық қорының қолдауымен жыл сайы ұйымдастырылатын мемлекеттік тіліндегі Жас ақындар сайысы-2019 байқауына қатысуға асығыңыздар.  

Аталмыш сайыс 9 жыл бойы байтақ еліміздің түкпір-түкпірінде тұратын 15 балаға қолдау көрсетті, олардың жетеуі Қордан жалпы сомасы 13,3 млн. теңге болатын білім гранттарын ұтып алды, ал 8 қатысушы бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, 1000 дана таралыммен қатысушылардың ең үздік шығармалары енгізілген 2 жинақ жарыққа шықты. Бүгінгі күні оқу орындарын бітірген лауреаттар Қазақстанның ірі телекомпанияларында және республикалық газеттер мен интернет-басылымдарда жұмыс атқарып жүр.

Келер болашақта біздің сайысқа қатысқан ең үздік ақындармен бірге деректі фильм түсіруге жоспарлаудамыз. Фильмнің режиссеры ретінде «Сәби» Қорының білім грантын жеңіп алған, АҚШ-тағы Нью-йорк фильм академиясын бітірген дарынды жігіт, танымал қазақстандық документалист және фотограф – Қанат Бейсекеев болады.

Сайысқа қатысам деушілерге 31 мамырға дейін өз өлеңдерін жіберуге болады.

Өтініштің үлгісі мен барлық шарттар alemsaby.kz сайтында.

Толығырақ ақпарат: +7 727 311 29 38 телефоны бойынша біле аласыз.

28.03.2019
19.06.2019
Тоғызыншы ақындар…

Тоғызыншы рет мемлекеттік тілде өткізіліп отырған ақындар сайысының қорытындысымен "Сәби"​ қайырымдылық…

«Әлем» дарынды жастарға қолдау көрсету бағдарламасы
18.01.2019
Тоғызыншы ақындар сайысы

«Сәби» Қайырылымдылық Қоры Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліндегі Тоғызыншы балалар өлеңінен ақындар…

«Әлем» дарынды жастарға қолдау көрсету бағдарламасы
29.06.2018
Сегізінші ақындар…

"Сәби" қайырымдылық қорының «Әлем» жас дарындарын қолдау  бағдарламасы аясында мемлекеттік тілде сегізінші…

«Әлем» дарынды жастарға қолдау көрсету бағдарламасы