Біздің Қордың барлық достары мен серіктестеріне Атырау қаласында шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесін ұйымдастыру бойынша…
2018 жылы «Сәби» қоры Қазақстан аймақтарындағы балаларға медициналық көмек көрсетуді жақсарту мақсатында «Шұғыл медициналық көмек балалар хирургиясы» республикалық жобасын бастады. Жоба аясында Алматы мен Семей қалаларында траматология және хирургиялық көмек бөлімдері ашылды. Ақтаудағы жөндеу-құрылыс жұмыстары соңғы сатыда. Келесі кезекте Петропавл қаласы тұр.
Дәрігерлердің кәсіби дайындығы салынған хирургиялық бөлімшелердің жабдықталу деңгейіне толық сәйкес келуін қамтамасыз ету үшін Қор Ресей мен Қазақстанның үздік мамандарымен бірге олар үшін тренингтер мен біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырады және қаржыландырады.
Сонымен, осы айда Қор үш педиатр хирург пен бір травматологты Мәскеуге оқуға жіберді. Алматы және Семей қалаларында балалар хирургиясы бөлімдерінде жұмыс жасайтын мамандар еңбек сіңірген профессор Юрий Соколовтың жетекшілігімен Ресей медициналық үздіксіз кәсіби білім беру академиясында біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Дәрігерлердің барып-келу, тұру және тамақтану шығындарының бәрін Қор көтерді.
Бір айлық курс теориялық және практикалық білім мен дағдыларды алуды, сондай-ақ қазақстандық балаларды емдеу және сақтау үшін жинақталған тәжірибені одан әрі қолдану мақсатында күрделі операцияларға тікелей қатысуды қамтиды.
Біздің Қордың барлық достары мен серіктестеріне Атырау қаласында шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесін ұйымдастыру бойынша…
«Сәби» Қорының президенті Әсел Тасмағамбетова Семей қаласындағы сапары аясында, 2020 жылдың қаңтарында облыстық…
Біздің жазылушылар мен Қордың достары «Сәби» өз жобаларын Қазақстанның барлық аймақтарында жүзеге асыратынын және…