Қазақстандық хирургтарға арналған шеберлік сабақтар

«Шұғыл балалар хирургиясы» жобасы аясында Ресейдің танымал балалар хирургі Юрий Юрьевич Соколовтың «Сәби» Қоры шеберлік сабақтарын ұйымдастырып толығымен қаржыланды.

Алматы қаласының №2 қалалық клиникалық ауруханасының және Семей қаласындағы госпитальдің негізінде ашылған балаларға арналған шұғыл хирургияларын  ашқаннан кейінгі бұл екінші кезең болды. Осы хирургиялық бөлімдердің негізінде 4 күн бойы жоғары санатты хирург өзінің кәсіби тәжірибесімен, сонымен қатар эндоскопиялық жабдықтармен және ең аз инвазивті операцияларды жасау тәсілімен қазақстандық әріптестерімен бөлісті.

Профессор Соколов ауруханалардың медициналық қызметкерлеріне келесі тақырыптар бойынша 5 дәріс оқыды: «Балалардың ас қорыту жолдарының еселенуі», «Лимфангиоманы алып тастау үшін лапароскопиялық хирургия», «Өт жолдарының ақаулары бар лапароскопиялық хирургия», «Балалардағы ұйқы безінде лапароскопиялық хирургия», «Балалардағы ішек өтімсіздігінің сирек кездесетін түрлері».

Сонымен бірге, хирург 17 науқасқа кеңес берді, 7 операция жасады, олардың 4-еуі эндоскопиялық (ішек инвагинациясы үшін лапароскопиялық ішек резекциясы, холецистэктомия, эхинококкэктомия) және ішек кемістіктеріне 3 ашық операция.

Біз осындай шеберлік сабақтарын жүйелі түрде өткізуді жоспарлап отырмыз. Өйткені біз салған Қазақстандағы балалар шұғыл хирургиясы бөлімшелерінің жабдықталу деңгейі ең жоғары әлемдік стандарттардан төмен емес, сонымен қатар біздің дәрігерлердің дайындығы оларға толығымен сәйкес келеді.

10.03.2020
31.03.2023
Атырау шұғыл балалар…

Біздің Қордың барлық достары мен серіктестеріне Атырау қаласында шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесін ұйымдастыру бойынша…

Медициналық жоба
23.09.2022
Семей қаласындағы шұғыл…

«Сәби» Қорының президенті Әсел Тасмағамбетова Семей қаласындағы сапары аясында, 2020 жылдың қаңтарында облыстық…

Медициналық жоба
30.06.2022
Қордың көмегін алған…

Біздің жазылушылар мен Қордың достары «Сәби» өз жобаларын Қазақстанның барлық аймақтарында жүзеге асыратынын және…

Медициналық жоба