«Сәби» Қоры Президенты Тасмағамбетова Әсел ханымның атыраулықтарға жолдауы


Әсел Иманғалиқызы Тасмағамбетова


Атырау қаласында жаңадан бой көтерген балаларға арналған үлкен ойын-сауық қалашығының құрылысы аяқталғандығы жөнінде жағымды жаңалығымызды бөліскіміз келеді!


«Сәби» қоры арқылы салынған бұл ойын алаңы қала тұрғындарына тегін тарту етілді. Енді кішкетай атыраулықтар мен олардың ата-аналары кез-келген уақытта осы жерге келіп бос уақытын қызықты өткізуге мүмкіндік алды. Бұл шаттық пен қуаныштың, ойын-сауықтың мекенін біз «Сәби» Әлемі деп атадық.


Аумағы 1800 шаршы м. құрайтын ойын-сауық алаңында әр түрлі жас шамасындағы, кішкентай нәрестеден, жаңадан жүре бастаған, өз күшімен еркін жүре алатын ересек жас шамасындағы балаларға арналған алуан бағыттағы ойын кешендері қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі балалар да тыста қалған жоқ – оларға арнайы пандустар жиынтығы тұрғызылған. Бұл алаңда жүздеген бүлдіршіндер әр түрлі ойын жабдықтарының арасымен қуаласпақ ойнап, арқанмен жоғарыға өрмелеп, сырғанап, доп лақтырып, құмнан ғимарат құрып және тағы да басқа ойындардың әсерінен шынығып спортқа баулиды. Өйткені, спорт және ойын – баланың салауатты, үйлесімді дамуының басты бағыты болып табылады. 


Бұл ойын алаңы «Сәби» Қорының «Спорт-Денсаулық-Жетістік» жобасы аясында бой көтерген 44-ші ауқымды нысан болып табылады, ал бұл жобаның бенефициары болып тұрған Атырау қаласы Қазақстан бойынша 12-ші тізімде.


11.08.2017
09.03.2023
Әсел Тасмағамбетова "Өз…

"Сіздердің алдарыңызда тұрып, көздеріңізге қарағанда: "неткен жас, өршіл және батыл жандар", - деп таң қаламын!…

Блог
30.11.2022
Бақытты өмір сүру – игі…

«Бақытты өмір сүру – игі істерге қатысты болу. Біз бақыт сезімін үнемі емес, белгілі бір сәттерде сезінеміз, ал…

Блог
14.06.2022
«Сәби» Қорының президенті…

«Қадыр атамыздың кезінде «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деп бізге өз аманатын айтып кеткен…

Блог