Қор жайлы, қызметім және өзім туралы

Әсел Иманғалиқызы Тасмағамбетова


«Сәби» қайырымдылық қоры діттеген мақсатқа жету жолында 13 жыл бойы жұмыс атқарып келеді. Бұл аз уақыт емес әрине. Аталмыш қор демеушілер мен филантроптардың арқасында уақтылы қаржыландырылып, сенімді серіктестік орнатқан. Жүйелі мәселелерді шешетін біздің жоба бағытын оң жолға қойды деуге толық негіз бар.


Сондай-ақ, Қор көмекке мұқтаж адамдарға қол созып, насихатты, атақ пен мансапты не пайда табуды көздемейді, көксегені де бұл емес. Бар болғаны, жәрдемге зәру жандардың асқақ арманының орындалуына титтей де болса септігін тигізе алса, бізге одан асқан бақыттың керегі жоқ. Өйткені, адамгершілік- ізгі қасиет. Қиналған адамға «ізгілік» нұрын шашады емес пе?...


Неліктен біз мұндай іспен айналысатынымыз жайлы айтар болсам, біреу біреуге сүйеу деген сөз бар ғой... Жақсылық жасау - сауапты іс болса, қайырымдылық та қадірлі іс. Сондықтан қай уақытта да өз жұмысыма аса жауапкершілікпен қарайтынымды жасырмаймын. Жастарды жігерлендіру, сапалы білім алуына жағдай жасау, қанатының құлаштап кеңге жаюына мол мүмкіндік беру арқылы жаныма жақын жұмысымнан ләззат аламын. Өйткені, адам тек отбасы мен жақындарына ғана емес, қоғамына, қоршаған ортасына да махаббатпен, ілтипатпен қарауы керек.


Жаңа істі бастарда тамсандырмай қойматын, кез келген адамды алған ұмтылдыратын үнді философы және ойшылы Свами Вивекананданың мынадай қанатты сөзі бар: 

«Сіз біреудің қайғысына ортақтасасыз ба? Егер иә болса, сіз бен біздің бірлігіміз артады, ал егер олай болмаса, қанша жерден зиялы болсаңызда, түкке тұрмас бейшарасыз. Ал керісінше өзгенің мұңын мұңдап, жоғын жоқтай алсаңыз сіз бірде бір кітап оқымасаңыз да, көп тіл білмесеңіз де дұрыс жолда жүргеніңізді қаперде сақтаңыз».

24.04.2015
08.10.2024
Әсел Тасмағамбетованың…

Enactus әлем кубогы - әлемнің түкпір-түкпірінен келген мыңдаған студенттер үшін жылдың ең маңызды оқиғасы болып саналады. Бұл…

Блог
24.05.2024
Құрылыс саласындағы…

22 жылдық үздіксіз жұмыс барысында "Сәби" қайырымдылық қоры Қазақстанның түрлі өңірлерінде көптеген әлеуметтік…

Блог
09.03.2023
Әсел Тасмағамбетова "Өз…

"Сіздердің алдарыңызда тұрып, көздеріңізге қарағанда: "неткен жас, өршіл және батыл жандар", - деп таң қаламын!…

Блог