«Сәби» Қорының президенті Әсел Тасмағамбетова Семей қаласындағы сапары аясында, 2020 жылдың қаңтарында облыстық…
Біздің жазылушылар мен Қордың достары «Сәби» өз жобаларын Қазақстанның барлық аймақтарында жүзеге асыратынын және әлеуметтік маңызы барлық салаларды қамтитынын біледі. Осылайша біз бенефициарларымыздың жақсы жаңалықтарымен жиі бөліскіміз келеді.
Мәселен, жуырда Қордың қолдауымен ашылған Ақтау қаласындағы шұғыл балалар хирургиясы бөлімінде қызмет ететін дәрігер Айбек Құбайдуллаев Мәскеуде Ресейдің жетекші балалар хирургі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Юрий Юрьевич Соколовтан дәріс алды. «Педиатриядағы эндохирургия» курсы Ресей медициналық үздіксіз кәсіптік білім беру академиясында «Әулие Владимир» атындағы қалалық клиникалық ауруханасында күрделі операцияларға тікелей қатысумен 144 сағаттық оқудан тұрды.
Бұндай мүмкіндік өткен жылы Маңғыстау облыстық ауруханасының мамандары үшін жаңа операциялық блок ашылғаннан кейін «Сәби» Қорымен ұйымдастырған профессор Соколовтың шеберлік сабағының арқасында пайда болды. Дәрігерлер бір-бірімен танысып, бірнеше лапароскопиялық операцияларды сәтті жасап, Мәскеуде біліктілігін арттыру курсынан өтуге келісті.
Доктор Құбайдуллаев оқуын аяқтап, білімін өз бөлімінде қолдана бастады. Біздің жобаларымыз бенефициарларға өсу, даму және шекараларды кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына қуаныштымыз.
«Сәби» Қорының президенті Әсел Тасмағамбетова Семей қаласындағы сапары аясында, 2020 жылдың қаңтарында облыстық…
Ақпан айында «Сәби» қоры Петропавл қаласында жаңа заманауи балалар хирургиясы бөлімшесін ашты. Мұнда ең озық…
Бүгін «Сәби» қоры Петропавл қаласында жаңадан Шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесін ашты. Бұл қордың есебінен салған…