Қазақстандық дәрігерлерге арналған шеберлік кластары

«Сәби» қоры «Шұғыл балалар хирургиясы» жобасы аясында Ресей мен Қазақстанның көрнекті балалар хирургтары, медицина ғылымдарының докторлары - Юрий Юрьевич Соколов пен Нұрлан Нұркинұлы Ахпаровпен бірге шеберлік кластарының екінші кезеңін ұйымдастырды және қаржыландырды. Семей мен Ақтауда жедел балалар хирургиясы бөлімдерінде жұмыс жасайтын қазақстандық дәрігерлер үшін «Балаларға заманауи торакоабдоминальды хирургия» атты сабақтар өткізілді.

Профессор Ю.Ю. Соколовтың жетекшілігімен Семей университетінің ауруханасында лапароскопиялық холецистэктомияға, шап жарығын лапароскопиялық герниорафиямен жоюға күрделі операциялар жасалды, «Варикоцеле» ауруы кезінде сперматикалық тамырды байлау операциясы жасалды. Академик Н.Н.Ахпаров «Гиршпрунг ауруы» бар алты айлық нәрестеге күрделі операция жасалды, ол 5 сағатқа созылды.

Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасында Ю.Ю.Соколов «Жалпы өт жолының туа біткен кистасы», «Ру ілмегіндегі гепатоэнтероанастомоз» және «Нефрэктомия» бойынша лапароскопиялық операциялар жасалды. Дәрігер Н.Н.Ахпаров аноректальды аймақтың туа біткен ақауларына және «Соломон бойынша проктопластика» екі операция жасады.

Барлық операциялар асқынусыз жүргізілді. Операциядан кейінгі кезең жақсы өтуде. Барлық балалар дәрігерлердің бақылауында.

Сонымен қатар, доктор Соколов жергілікті балалар үшін заманауи балалар хирургиясының өзекті мәселелері бойынша конференциялар өткізді.

Біз тәжірибелі, құнды білімдерімен және тиімді әдістерімен алмасқаны үшін танымал дәрігерлерге алғыс айтамыз, оларды енді қазақстандық мамандар жас пациенттерді емдеуде сәтті қолданатын болады.

 

30.07.2021
14.11.2023
Saby & Bvlgari қайырымдылық кеші…

«Сәби» Қоры өзінің ауқымды қаражат жинау шараларын өткізу тарихын 2008 жылдан бастап жүргізуде. Осы жылдар бойы Қор…

Медициналық жоба
19.10.2023
Қазақстанның 5 облысында…

«Сәби» Қайырымдылық Қоры Атырау қаласында бесінші жоғары технологиялық Шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесін ашты. Бұл…

Медициналық жоба
10.10.2023
Қазақстанның аудандық…

«Сәби» қоры Philips Foundation халықаралық коммерциялық емес ұйымымен серіктес болды. Осы ынтымақтастықтың арқасында…

Медициналық жоба