EdCrunch конференциясы 2022

Әсел Тасмағамбетова EdCrunch Reload: «Ақыл-ой мен технологиялардың тоғысуы» атты халықаралық білім беру конференциясына қатысты.

Әсел Иманғалиқызы «Жетістік үшін жаралғандар: мектептің өмірлік табысқа ықпалы» атты панельдік пікірталас аясында заманауи мектептің негізгі қағидалары мен міндеттері, тиімді және үйлесімді оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың маңызды тәсілдері туралы өз көзқарасын мен өзінің көп жылдардағы жеке және  білім беру саласындағы тәжірибесімен бөлісті..

2017 жылы Әсел Тасмағамбетова және оның жұбайы Кеңес Рақышев Алматы қаласында аумағы 3 га, ғимартар ауданы 12 мың шаршы метрге жуық №174 гимназияны салып, мемлекеттің құзырына сыйға тартты. Қазіргі таңда мектепте Наурызбай ауданының 4 мыңға жуық бала білім алуда.

2020 жылы ерлі-зайыптылар Шоқан Уәлиханов атындағы жеке мектеп ашты, ол ТМД-дағы алғашқы экологиялық таза мектеп болып танылып, LEED сертификатына ие болды.

«Шоқан мектебінде біз тәлімгерлерге көп көңіл бөлеміз. Мұғалімнің тәлімгерден айырмашылығы неде? Мұғалім белгілі бір шеңбердің ішінде оқытады, ал тәлімгер  ойлау қабілетін кеңейтуге, сыни тұрғыдан ойлауға, өз пікірін дәлелдеуге үйретеді. Біз оқу үдерісін балаларымыз әлемдегі ең үздік университеттерге түсуі және салауатты бәсекеге дайын болатындай етіп құрдық.

Біз қазіргі заманғы үрдістерді ескере отырып, жеке мамандық бойынша уақыт пен жүктемені қайта бөлу кезінде белгілі бір негізгі білім мен дағдыларды сақтағымыз келеді. Бұл үшін балаға көбірек дербестік пен таңдау мүмкіндігін бере отырып, оқуға дағдыландыру маңызды», - дейді Әсел Тасмағамбетова.

Сессияның модераторы Исак Фрумин, Бремендегі Джейкобс университетінің жоғары білім беру обсерваториясының жетекшісі, Ұлттық зерттеу университетінің Экономика жоғары мектебінің профессоры, Халықаралық білім академиясының академигі болды.

Конференцияға 25 елден 350 сарапшы қатысты. Олардың қатарында Израиль, Финляндия, Өзбекстан, Әзірбайжан, Армения елдерінің ғылым және білім министрлері, сондай-ақ әлемдік деңгейдегі жиырмадан астам жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары бар.

 

24.11.2022
30.05.2024
Балаларды қорғау күніне…

2021 жылы "Сәби" Қоры Қазақстан өңірлерінде робототехника орталықтарын ұйымдастыру жөніндегі жобаны іске қосты. Аталған…

«Білім беру» бағдарламасы
18.07.2023
Сәби оқулары жобасы туралы

Біздің қор қазақ тіліндегі балалар әдебиетін насихаттауға арналған «Сәби оқулары» атты жаңа жобасы аясында Алматының…

«Білім беру» бағдарламасы
16.06.2023
«Сәби оқулары» жобасы

Құрметті достар, әріптестер және «Сәби» Қорының серіктестері! Қорымыздың құрылғанына 21 жыл толуына орай, біз қазақ…

«Білім беру» бағдарламасы