ХІ Ақындар сайысының қорытындылары ⠀

«Саби» Қайырымдылық қоры жыл сайын ұйымдастыратын Ақындар мүшайрасының қорытындысымен қуана бөлісеміз.

Біздің әдебиет саласындағы тұрақты сарапшымыз, ақын, жазушы, аудармашы, журналист және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Байбота ҚОШЫМ-НОҒАЙ сайысқа бүкіл Қазақстаннан келіп түскен өлеңдерге баға берді.

Шығармашылық байқаудың нәтижесі бойынша жалғыз жеңімпаз анықталды, ол Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика және саясаттану факультетінің студенті, Орал қаласының тумасы МЕРСАДЫҚ Алтынбек болып табылады.

Біздің сарапшымыздың айтуы бойынша, Алтынбектің қаламы төселіп қалған. Ол өзге әріптестеріне қарағанда өлең дегеннің не екенін жете біледі. Шымыр да күрделі ұйқастар жасап, образды сөйлеуге ұмтылады. Тіпті қара өлеңді місе тұтпай, ішінара ақ өлең жазуға талап қылып, верлибрдің қыр-сырын меңгере бастаған. Алтынбектің осындай ізденістері оны басқа қаламдастарынан ерекшелендіріп тұр. Өзі де: «Өлеңді өте сирек жазамын. Өлең – мен үшін кәсіп емес, оған тек шерімді тарқату үшін, мұңымды шағу үшін келемін. Былайша айтқанда, менің қазіргі уақтағы ең адал досым!» – депті.

Сонымен, Бас жүлде – ноутбук Алтынбекке Нұр-Сұлтан қаласына жіберілетін болады.

Алайда жеңімпаз аталмаса да, бірақ көңіл тұшынтарлық ізденістері бар Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің журналистика факультетінің студенті СЕРІКҰЛЫ Азаматты да біздің сарапшы – Байбота аға ескергісі келіп отыр. Азамат өлеңдегі еркін форманы жақсы көретін сияқты, тілдік қолданыстарда да батыл эксперименттерге еркін барады. Оның сәтті тұстары мол. Әрине, жүре келе түзеліп кететін ұсақ-түйек кемшіліктері бар. Өлеңді мұрат еткен жас ақын «қырық күндік кемдігі бар» Тайбурыл секілді көрінгенімен, өзінің жақсы аяқ алысын танытады. Біз Азаматқа осы жолынан таймай басқа да биіктіктерде көрінуге тілектеспіз.

01.10.2021
18.07.2023
Сәби оқулары жобасы туралы

Біздің қор қазақ тіліндегі балалар әдебиетін насихаттауға арналған «Сәби оқулары» атты жаңа жобасы аясында Алматының…

«Білім беру» бағдарламасы
16.06.2023
«Сәби оқулары» жобасы

Құрметті достар, әріптестер және «Сәби» Қорының серіктестері! Қорымыздың құрылғанына 21 жыл толуына орай, біз қазақ…

«Білім беру» бағдарламасы
12.05.2023
Орал қаласы үшін…

2021 жылы "Сәби" Қоры Қазақстан өңірлерінде робототехника орталықтарын ұйымдастыру жөніндегі жобаны бастады, оның…

«Білім беру» бағдарламасы