BVLGARI x SABY қайырымдылық концерті

Достар, біз сіздермен керемет жаңалықпен бөліскенімізге өте қуаныштымыз.

«Саби» қоры Bvlgari зергерлік үйімен бірлесіп  Алматыда әлемге әйгілі опера дивасы Хибла Герзмаваның қайырымдылық концертін ұйымдастырады.

Хибла Герзмава - әлемдік опера сахнасындағы ең көп сұранысқа ие әншілердің бірі. Жарқын және тікелей, эмоционалды және іңкәр орындаушы ең танымал опералардағы басты әйел рөлдерін ғана орындайды. Оған Лондондағы Корольдік опера театры Ковент-Гарденде, Нью-Йорктегі Метрополитен операсында, Вена мемлекеттік операсында, Миландағы Ла Скалада, Үлкен және Мариинский театрларында қошемет көрсетеді. Енді әншінің Қазақстандағы жанкүйерлері оның қайталанбас талантын жаңа Almaty Theatre сахнасында тамашалай алады.

Бұл опера өнерінің барлық әуесқойлары мен бағалаушылары үшін шын мәнінде айтулы оқиға. Бірақ бұл іс-шараның маңызды айырмашылығы - бұл толығымен қайырымдылық жоба. Билет сатылымынан түскен қаражатты қор Атырау қаласындағы шұғыл балалар хирургиясының құрылысына бағыттайды.

Сіздерді Хибла Герзмаваның қайырымдылық концертіне шақырамыз. Біздің жобаның бір бөлігі болыңыз және Қазақстан аймақтарындағы балаларға медициналық көмек көрсетуді жақсартуға үлес қосыңыз.

Күні: 17 қараша
Уақыты: 19.00
Өтетін орны: Almaty Theatre

Билеттер Ticketon сайтында қолжетімді: https://ticketon.kz/event/khibla-gerzmava

31.10.2022
16.11.2022
Димаш Құдайбергенмен…

Біз сіздермен тамаша жаңалықпен бөлісуге қуаныштымыз. Бүгін белгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген…

Жаңалықтар
07.11.2022
SOS балалар ауылын 25 жылдық…

Әлемге әйгілі халықаралық ұйым қиын жағдайда қалған және қараусыз қалған балаларды отбасы үлгідегі ортада тәрбиеленуге…

Жаңалықтар
20.10.2022
Тоғызыншы «Өз ісіңді…

«Сәби» қайырымдылық қоры қазақстандық жас кәсіпкерлерді қолдаудың IX жыл сайынғы «Өз ісіңді баста» байқауының…

Жаңалықтар