Атырау облысының балаларына интерактивті панельдер сыйға берілді Биылғы су тасқыны Қазақстан тарихындағы ең жойқын…
«H&M Казахстан» танымал киім брендінің қайырымдылық шарасына «Саби» Қоры қатысып өз үлесін қосты. Акция аясында компания аз қамтылған отбасыларға, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, медицина қызметкерлеріне және коронавирустық пандемияға байланысты өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға 8000-нан астам әйелдер, ерлер мен балаларға арналған киім-кешектерді сыйға тартты.
Біздің қор Семей қаласындағы университет ауруханасының медициналық қызметкерлеріне H&M ұсынған жаңа киімдердің 2 805 данасын таратуға көмектесті. Бұл іс-шара қарқынды режимде жұмыс істеп жатқан аурухана қызметкерлерінің қаржылық мүмкіндіктері қиын уақытта елеулі қолдау болып табылады.
H&M компаниясына біз осындай ізгі ниеттері үшін ризашылығымызды білдіреміз.
«Бизнестегі жетістіктер тек компанияның қаржылық тұрақтылығымен ғана анықталмайды. Нағыз сәттілік басқаларға қамқорлық жасауға бағытталған нақты іс-әрекеттермен де көрінеді. H&M компаниясы осындай қиын уақытта әлеуметтік жауапкершілік көрсетіп, өзінің толық корпоративтік өміршеңдігін дәлелдейтініне мен өте қуаныштымын. Белгілі әлемдік брендтің үлкен желісі біз сияқты қорларға сенім артып, қайырымдылық идеяларын жүзеге асыру үшін бірлесе жұмылдырып, ынтымақтаса әрекет етуі бізді қатты қуантуда», - деп, «Сәби» Қайырымдылық қорының президенті Әсел Тасмағамбетова өз ойымен бөлісті.
Атырау облысының балаларына интерактивті панельдер сыйға берілді Биылғы су тасқыны Қазақстан тарихындағы ең жойқын…
Әсел Тасмағамбетова мен Кеңес Рақышевтің "Сәби" қайырымдылық қоры Астана қаласына дарынды балаларға арналған мектеп…
Бүгін біз сіздермен Семей қаласының шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесіне арнап "Сәби" қоры сатып алған жаңа…