Сіздерге «Сәби» қорының 2024 жылы көрсетілген атаулы көмек туралы есебін ұсынамыз. Осы жылы Қорға компаниялар мен жеке…
Қайырымды жандардың аз да болса көрсеткен қамқорлығының арқасында біз ағымдағы жылдың соңында бірнеше отбасыға қол ұшын соза алдық. Ол отбасылардың үшеуінде БМС диагнозы бар төрт жастағы Нұрай және Іңкәр, алты жастағы Нұрперзент атты үш бала тәрбиеленуде. Біз олардың өсіп-жетілуіне аса қажетті вертикализаторлар мен балаларды жүруге үйрететін құрылғы сатып әпердік.
Қордың көмегін алған тағы бір бенефициар – Дәурен Мұсаев. Бұл азамат үшін серуендеуге арналған ыңғайлы мүгедектер арбасы сатып алынды.
Қорға қайырымдылық көрсеткен барлық жанға алғыс айтамыз! Бізбен бірге болғандарыңыз үшін рахмет!
Сіздерге «Сәби» қорының 2024 жылы көрсетілген атаулы көмек туралы есебін ұсынамыз. Осы жылы Қорға компаниялар мен жеке…
Достар, біз сіздердің қолдауларыңыз бен қамқорлықтарыңыздың арқасында көрсеткен атаулы көмек туралы есеппен бөліскіміз…
"Сәби" Қоры өзінің медициналық жобасы шеңберінде Түркістан қаласындағы "Үміт ұясы" оңалту орталығына арнап…