«Балдәурен» орталығын жаңғырту

Өз қызметінің басынан бастап және 20 жыл бойы «Сәби» қоры бүкіл Қазақстан бойынша әлеуметтік мекемелерді салумен, жөндеумен және жарақтандырумен айналысады. 

«Құрылыс жобасы» аясында Қор Қызылордадағы балалар үйі, Ақтөбедегі "Мейірім" балалар үйінің түлектеріне арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы, Алматы қаласы Наурызбай батыр ауданындағы №174 жалпы білім беретін мектеп-гимназия сияқты ірі нысандарды жобалап, тұрғызған. Барлық нысандар қор қаражаты есебінен толығымен салынды және мемлекетке өтеусіз негізде пайдалануға берілді. 

Қор ауқымды нысандарды салудан басқа, жаңғыртып қайта құруды және күрделі жөндеуді қажет ететін мекемелерге қолдау көрсетеді. Осындай ұйымдардың бірі — Алматы қаласындағы «Балдәурен» балаларды оңалту орталығы. Орталық жүйке жүйесі мен тыныс алу мүшелерінің созылмалы аурулары бар балаларды емдеумен айналысады. Мұнда жылына 2000-нан астам балаға қызмет көрсетіледі. Медициналық мекеменің ғимараты 1982 жылы пайдалануға берілген және қазіргі уақытта күрделі жөндеуді талап етеді. 

Қор едендер, есіктер, санитарлық техника мен электр жүйесін ауыстырып, барлық емдеу блоктарында, жатын және ойын бөлмелерінде, оқу сыныптарында, жаттығу залдарында және асханада қабырғалар мен төбелерді тегістей отырып, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылдады. Бұдан басқа, үй-жайларда авторлық дизайн бойынша жөндеу орындалады, сондай-ақ жаңа жиһаз, техника мен жабдық сатып алынып, орнатылады. Ал дене шынықтыру сабақтары үшін орталықтың ауласында балалар ойын кешені салынады. 

Біз құрылыс жұмыстарының барысы жөніндегі ақпаратты жариялап отыруды жоспарлап отырмыз, жаңалықтарымызды күтіңіз. 

 

 

 

16.06.2023
27.12.2023
«Сәби» қоры Астанада…

Білім беру бағыты «Сәби» қорының қызметіндегі ең өзекті бағыттардың бірі болды және болып қала береді. Осы бағыттағы 21…

«Өркендеу» құрылыс жобасы
16.03.2023
Алматыдағы SOS балалар…

«Сәби» Қоры Алматыдағы SOS балалар ауылының үйлеріне жөндеу жұмыстарын аяқтады. Жөндеу жұмыстары 2019 жылы басталды. Осы…

«Өркендеу» құрылыс жобасы
05.10.2022
Алматы қаласындағы SOS…

Биыл «Сәби» қорының ірі құрылыс нысандарының бірі – Алматы қаласының Балалар ауылындағы SOS отбасылық үйлерін жөндеу…

«Өркендеу» құрылыс жобасы