«Сәби» қорының бағдарламалары

«Өркендеу» құрылыс жобасы

Ғимараттар мен құрылыстарды салу, үй-жайларды күрделі жөндеу, қайта қалпына келтіру және жабдықтау бойынша жұмыстарын жүргізу арқылы Қазақстан Республикасының балалар әлеуметтік мекемелерінде, оның ішінде ауруханаларда, балалар үйлерінде, мектеп-интернаттарда тұрмыстық жағдайларды жақсарту.

«Мүгедектерге – лайықты өмір»

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға өзін-өзі жүзеге асыру деңгейін арттыру, олар үшін лайықты өмірлік жағдайлар жасау, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына кедергісіз қол жетімдіктерін ұйымдастыру, мүгедектерді қоғамға ықпалдастыру және оңалту үшін жағдай жасау. 

Спорт-Денсаулық-Жетістіктер

Қазақстанның балалар әлеуметтік мекемелерінің тәрбиеленушілеріне дене шынықтырумен және спортпен айналысуына, олимпиадалық, ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарын дамытуға арнап жағдайлар тудыру;

«Балаларға өмір сыйла» атты мерзімсіз қайырымдылық SMS-акция

Қазақстанда емделмейтін аурулармен сырқаттанушы, балаларды шетел емханаларында емдеу және операцияларды қаржыландыруға қаражаттар жинау.

«Білім беру» бағдарламасы

Алматы қаласында және Қазақстан Республикасының басқа да аумақтарында әлеуметтік мекемелердегі тәрбиеленушілерге және балалар үйінің түлектеріне кейіннен қоғамда бейімделіп кетуіне жағдай жасау

«Медицина» жобасы

Қазақстандықтарға медициналық қызмет көрсету саласын оны бірінші кезекте балаларға арнап бағыттаумен жетілдіру

«Жасөспірімдер» бағдарламасы

Жасөспірімдер үйілернің түлектеріне әлеуметтік арнаулы көмек көрсету бойынша мақсатқа лайықты шараларды жүзеге асыру арқылы олардың әлеуметтік мәртебесін көтеру.

«Әлем» дарынды жастарға қолдау көрсету бағдарламасы

Келешегінен үміт күттіретін және дарынды жастарға (балалар мен жасөспірімдерге) олардың зейіндік және шығармашылық дамуы, өмірлік қалыптасуы мен әлеуметтік тұрғыдан мүмкіндіктерін жүзеге асыру барысында қолдау көрсету