Ризашылық күнгі алғыс айту
Кеше балалар үйлерінде жыл сайынғы Ризашылық күні болып өтті. Бұл күні тәрбиеленушілерге жыл бойы қайырымдылық көмегін ұсынатын барлық достар, мейірбан жандар балалармен мерекені бірге атап өту үшін өздері қамқорлыққа алған мекемелердің шаңырағының астына жиналады.
Балалар болса, өз тарапынан қамқоршыларына деген құрметтік көзқарасы мен шын көңілінен алғыс білідрумен қонақтарға арнап керемет концерттік нөмірлер әзірлейді: оларға өз қолдарымен жасаған сыйлықтарды ұсынады, түрлі тағамдармен сый көрсетеді.
Қорымыз Алматы қ. №1 балалар үйіне барып қайтқан болатын. ?рине, біз мұнда құр қол келмедік: өзімізбен бірге ішіне көптеген сыйлықтар салынған екі үлкен сөмкені ала келдік. Олардың ішінде – су жаңа спорттық киімдер, оны балалар өздеріне арнап Қорымыз салып берген спорт алаңшаларындағы сабақтарға арнап киетін болады.
29.11.2010
Биылғы су тасқыны Қазақстан тарихындағы ең жойқын оқиғалардың бірі болды. ҚР 10 өңірінде төтенше жағдай енгізілді. Апат аймақтарынан 120 мыңға жуық ад…
«Сәби» қайырымдылық қорының арқасында дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебінде 18 жыл ішінде алғаш рет жаңа заманауи ғима…
Балалар стационарының қабылдау бөліміне 3 жастағы бала шұғыл түрде ауыр жағдайда: тыныс алудың қиындауы және тоқтаусыз жөтел туралы шағымдармен түсті…