Ауруханадағы мереке

Жылдың көптен күткен мерекесі де жақындап қалды - жаңа жылдық сиқыр, қуаныш пен ғажайыптар уақыты. Әсіресе, кішкентай балалар үшін. Бірақ, өкінішке орай, кейбір балаларда бұл уақытты өзінің үйінде, отбасы аясында өткізуіне мүмкіндігі жоқ. Аталған мерекені ауруханада емделе жүріп, медициналық мекеменің қабырғасында қарсы алуға мәжбүр балалар көп.
Біздің қор Петропавл қаласының облыстық балалар ауруханасында емделіп жатқан балаларды қолдауға шешім қабылдап, ауруханаға сыйлықтармен қоса нағыз Аяз ата мен Ақшақарды жіберді. Жаңа жылды аурухана жағдайында өткізіп жатқанына қарамастан, мерекенің сиқырын сезінсін деген ниетпен екі жүз кішкентай пациенттерге арнап оқу жинақтары, кітаптар, басқатырғыштар, ойындар, бояу беттері, қарындаштар мен маркерлер сатып алынды.
Мұндай сыйлықтар ауруханадағы балаларға ауыр медициналық процедуралардан алшақтап, үйден және достарынан алыс жерде болса да жылулық пен қамқорлықты сезінуге көмектеседі және позитивті эмоциялар балаларға тез және толық қалпына келуге серпін береді деп сенеміз.
Осы орайда, біз сіздерге «Сәби» қоры өзінің барлық жобаларына жан-жақты қарайтынын еске салғымыз келеді. 2022 жылдың ақпан айында қор Петропавл облыстық балалар ауруханасында шұғыл балалар хирургиясының төртінші бөлімшесін ашты. Сонымен қатар, аталған бөлімше дәрігерлері үшін оқыту шеберлік сыныптары өткізілді. Ал, өткен айда «Сәби» қоры аталған аурухананың екі балалар хирургтарын Мәскеуге біліктілігін арттыруға жіберді.
 

26.12.2024
30.12.2024
Ауруханалардағы балаларды…

Әрбір бала үшін жаңа жылды күту – ғажайып пен сиқырға толы ерекше сәт. Алайда, өкінішке орай, кейбір балалар бұл қуанышты…

Хабарламалар