«Сәби» қорының есебі 2019 жыл

«Сәби» қоры үшін 2019 жыл өте маңызды және жемісті болды. Осы жылы біз Алматы және Семей қалаларындағы балалар шұғыл хирургиясы бөлімінде заманауи техникамен жабдықтап, күрделі жөндеуден өткіздік, № 174 мектеп-гимназиясында коучинг жобасын іске қостық және экология бағытындағы бірінші және жалғыз қазақстандық Каспий итбалықтарын зерттеу және оңалту орталығын аштық. Алматы қаласындағы SOS балалар ауылының төрт коттеджінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, қарамағымыздағы әлеуметтік мекемелердің біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылды, «Өз бизнесіңді баста» конкурсына грант алуға 901 өтініш қабылданды, мұқтаж балалар мен ересектерге атаулы көмек көрсетілді. Бейнебаянда сіздер толық ақпаратпен таныса аласыздар.

Біз барлық достарымызға, серіктестерімізге, меценаттарға және жай қамқор адамдарға жыл бойы тұрақты көмек пен қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз. Жаңа жылда игі істер бұдан да көп болсын! Баршаңызға жаңа жыл құтты болсын!

27.12.2019
28.12.2022
«Сәби» қорының есебі

Әр жылдың өзіне тән ерекшелігі бар. Өтіп бара жатқан 2022 жыл Қорымыз үшін аса маңызды оқиғаларға және табыстарға толы…

Жыл қорытындысы бойынша есеп берулер
26.12.2022
«Сәби» қайырымдылық…

Сіздерге «Сәби» қорының 2022 жылы көрсетілген атаулы көмек туралы есебін ұсынамыз. «Сәби» қорының биылғы жылы…

Жыл қорытындысы бойынша есеп берулер
30.12.2021
2021 жылға атқарылған…

Жақында «Сәби» қорының құрылғанына 20 жыл толады. Осы жылдар бойы қор көмекке мұқтаж жандардың игілігі үшін жұмыс істеп,…

Жыл қорытындысы бойынша есеп берулер