«№174 мектеп-гимназиясы. Коучинг» жобасы

Жобаның ұйымдастырушылары мен орындаушылары:

«Сәби» Жеке меншік қайырымдылық қоры,

Алматы қаласының жалпы білім беретін №174 мектеп-гимназиясы

Мақсаты мен міндеттері:

- негізгі және қосымша білім беру жүйесі көмегімен №174 мектеп-гимназиясының оқушыларының тұлғалық дамуына жағдай жасау;

- оқушылардың ғылыми және шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау;

- Алматы қаласының мектептер рейтингінде №174 мектеп-гимназияның алатын орнын жоғарылату.

Орындау мерзімі:

2017 жылдан бастап. Тұрақты қолданыстағы жоба.

Жобаның сипаттамасы:

Баланың ересек өмірге келуіндегі маңызды және жауапкершілігі мол кезең – білім алуы болып саналады. Сондықтан оқу орнының сапасына көп көңіл аудару қажет. №174 мектеп-гимназия оқу қызметіне қажетті барлық қорды ұсынады.

«Сәби» қоры мектептің оқу үрдісіне негізгі пәндер бойынша терең оқытумен қатар, оқушылардың болашақта өз орнын табуға мүмкіндік беретін тұлғалық дамытуды қосуды мақсат етті.

Қор №174 мектептің басқару-педагогикалық қызметімен айналысатын басқармасымен тығыз жұмыс жасай отырып, оқу жүйесін инновациялық дамытуға бағытталған жобалар мен шағын жобалар кешенін құрастырады, мысалы:

- жоғары сынып оқушыларын кәсіби тестілеуден өткізу;

- түлектердің ЖОО-ға түсу және білім гранттарына ие болуға дайындау;

- робототехника мен бағдарламалауға үйрету;

- математиканы терең зерттеу курстары;

- тіл курстары;

- эко-қозғалысқа тарту;

- өзін-өзі басқару мен көшбасшылық жүйесін ұйымдастыру және дамыту;

- тағы басқалары.

Күтілетін нәтижелер:

Аталған іс-шаралар №174 мектеп-гимназияның мектептер рейтингінде алатын орнын көтереді және Алматы қаласының ТОП-10 кіретін мектептердің оқушыларымен салыстырғанда оқушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Сонымен қатар, мектеп түлектерінің ҚР жоғары оқу орындары мен шетелдік ЖОО-на білім гранттарымен түсу пайызын арттыру күтілуде.

Бұлар өз кезегінде ата-аналардың бала оқыту үшін мектеп таңдау үрдісінде мектептің тартымдылығын арттыруға әкеледі.

- орта кластардың 17 оқушысы үшін «озық математиктер» курсы ұйымдастырылды;
- жоғары класс оқушылары үшін информатика және робот техникасы курстары ұйымдастырылды;
- қоршаған ортаны қорғау және қалдықтарды бөлек жинау" тақырыбына лекция өткізілді.

19.03.2024
Петропавл қаласына медициналық жабдықтар сыйға тартылды
Бүгін міне нәтижесінде несеп-жыныс жүйесінің ауруларын анықтауға және хирургиялық емдеуге арналған жоғары дәлдіктегі…
Медициналық жоба
27.12.2023
Қазақстан дәрігерлеріне арналған мастер-класс
«Сәби» қоры өз қызметінде жүйелілік принципін ұстанады, барлық бағыттағы жобаларды дамытады. Сондықтан «Шұғыл…
Медициналық жоба
14.11.2023
Saby & Bvlgari қайырымдылық кеші 2023
Алматыда «Саби» мен Bvlgari зергерлік және сағат үйіне қайырымдылық кеші өтті, оның қаражаты қор «Шұғыл балалар…
Медициналық жоба