«Сәби» Қоры Президенты Тасмағамбетова ?сел ханымның атыраулықтарға жолдауы

Атырау қаласында жаңадан бой көтерген балаларға арналған үлкен ойын-сауық қалашығының құрылысы аяқталғандығы жөнінде жағымды жаңалығымызды бөліскіміз келеді!

«Сәби» қоры арқылы салынған бұл ойын алаңы қала тұрғындарына тегін тарту етілді. Енді кішкетай атыраулықтар мен олардың ата-аналары кез-келген уақытта осы жерге келіп бос уақытын қызықты өткізуге мүмкіндік алды. Бұл шаттық пен қуаныштың, ойын-сауықтың мекенін біз «Сәби» ?лемі деп атадық.

Аумағы 1800 шаршы м. құрайтын ойын-сауық алаңында әр түрлі жас шамасындағы, кішкентай нәрестеден, жаңадан жүре бастаған, өз күшімен еркін жүре алатын ересек жас шамасындағы балаларға арналған алуан бағыттағы ойын кешендері қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі балалар да тыста қалған жоқ – оларға арнайы пандустар жиынтығы тұрғызылған. Бұл алаңда жүздеген бүлдіршіндер әр түрлі ойын жабдықтарының арасымен қуаласпақ ойнап, арқанмен жоғарыға өрмелеп, сырғанап, доп лақтырып, құмнан ғимарат құрып және тағы да басқа ойындардың әсерінен шынығып спортқа баулиды. Өйткені, спорт және ойын – баланың салауатты, үйлесімді дамуының басты бағыты болып табылады.

Бұл ойын алаңы «Сәби» Қорының «Спорт-Денсаулық-Жетістік» жобасы аясында бой көтерген 44-ші ауқымды нысан болып табылады, ал бұл жобаның бенефициары болып тұрған Атырау қаласы Қазақстан бойынша 12-ші тізімде.

11.08.2017
03.07.2023
«Балдәурен» орталығына…

Жақында біздің қор «Балдәурен» балаларды оңалту орталығын қайта жаңғырту мен күрделі жөндеуге кіріскенін жазғанбыз.…

Спорт-денсаулық-жетістіктер
30.11.2021
Астанада инклюзивті…

Біз Қазақстандағы Сбербанкты Астана қаласындағы инклюзивті балалар ойын алаңының ашылуымен құттықтауға асығамыз.…

Спорт-денсаулық-жетістіктер
11.11.2021
Тараз қаласындағы ойын…

Жақында қала күнін тойлау үшін «Сәби» қоры Таразға жалпы алаңы 1500 шаршы метр болатын көпфункционалды балалар ойын…

Спорт-денсаулық-жетістіктер