Балалар хирургиясын ұйымдастыру бойынша жұмыстар

№2 қалалық Балалар клиникалық емханасы базасындағы шұғыл хирургия бөлімін ұйымдастыру бойынша жұмыстар барынша қарқынды жүруде. Дайындық және бөлшектеу жұмыстары аяқталған, қабырғалар мен қалқаларға монтаж жүргізілген, бетондық жұмыстар аяқталған, электр желісін, жылыту мен желдету жүйелерін жүргізу жұмыстары  орындалған. Қазіргі уақытта медициналық газдарды беру үшін құбырларды монтаждау жүргізілуде. Таяуда біз ғимараттардың тазалығын қамтамасыз етуші гальванизирленген болаттан қабырға панелдерін орнатуға кірісеміз.

 «Сәби» Қоры құрылыс жұмыстарынан бөлек, қайта құрылған бөлімдерде дәстүрлі хирургиялық оталармен қатар кіші науқастарға тез емделу мен сауығуды қамтамасыз етуші аз инвазивтік араласуларды жүргізуге мүмкіндік беретін жап-жаңа лапароскопиялық жабдықты сатып алу үшін қажетті қосымша қаржыларды жинаумен айналысуда.

Ағымдағы балалар хирургиясы жедел көмекке зәру балалардың артқан жоғары ағынына әрең төтеп беруде. Жаңа жоғары технологиялы ота жасау блогы оларға уақытылы әрі сапалы емдеуді ұсына алады.

* Иллюстрациялық фото

 

08.02.2019
13.11.2018
Аидаға көмек

 «Сәби» қорының  жұмысына қызығушылық танытқандардың көбісі біздің өз алдымызға қойған мақсаттарымыздың ауқымды…

Медициналық жоба
06.08.2018
Зерендіде түзету…

«Сәби» қорының тұрақты жұмыс істейтін «Медициналық бағдарлама» аясында Ақмола облысының Зеренді ауылында…

Медициналық жоба
30.10.2017
QIWI терминалын…

Жақында ДЦП (балалар милық салдануы) диагнозы бар балаларын тәрбиелеп отырған төрт жанұяға арнайы денесін тік жүргізетін…

Медициналық жоба