QIWI терминалдары мен «Сәби» Қоры – жақсылық эстафетасы

QIWI  терминалдары мен «Сәби» Қоры – жақсылық эстафетасы Қазақстандағы төлем жүйелерінің жетекші орын алатын QIWI жүйесі өз сайтында мынадай қызықты хабарлама жазды: 2014 жылы «QIWI ақша қалташасы» және «QIWI Терминалдары» арқылы қазақстандықтар қайырымдылық ұйымдарға 78 000 рет төлем жасап, 203 миллион тенгеден астам қаражатты қайырлы іске жаратты. Аталған сандар 2013 жылдың көрсеткіштерінен үш еседен асты.

Төлем терминалдарының бетінде ұсынылған қайырымдылық ұйымдардың ішінде біздің «Сәби» Қоры да бар. Аса қуана айтқымыз келетіні «Сәби» Қорының арнайы шоты үлкен төлемдермен болмасада, QIWI қолданушылардың аса қымбат төлемдермен толтырылып отырады.

Өкінішке орай, төлемдер кімнен келетінін біз білмейміз, өйткені келген түскен қаражат мәліметі аз, сондықтан да әрбір төлеушіге алғысымызды жекеше білдіруге мүмкіндігіміз жоқ. Бірақ та біздің сайтымыздың беттерінде сіздердің ақжүректік, қайырымдылығыңыз үшін және өмірдің қиыншылықтарын көріп отырғандарға көмек көрсетуден бас тартпағандарға рахметімізді айтудан шаршамаймыз.

Сіздің әр теңгелеріңіз біреудің көмек өтінішін қанағаттандыру үшін біртіндеп жиналатын шотта өз уақытын күтіп отыр. Бұл жолы бізге көмек сұрап 800-ден астам балалар сана-неврологиялық ауруларына шалдыққан балалар емделіп жатқан Алматы қалалық балаларды оңалту орталығы келді. Олар керекті кеңсе тауарларын сатып алуға өтініш білдірді, сөйтіп кішкентай емделушілерге оқу-сауықтыру процесі ұйымдастырылды.

Үлкен жұмыс кішкентайдан басталады. Сіздердің жиналған сомаларыңыз арқасында балалардың сурет салуға, жазуға, әр-түрлі мүсіндерді, ойыншықтарды жасауға арналған бір жылдық (!) кеңсе тауарлар қорын қамтамасыз еттік.

Ал оңалту орталығының балалары болса сіздердің мейірбандылығыңызға паш етіп алғыс ретінде мынандай сыйлық дайындады.

?гі істің эстафетасын қабыл алыңдар, QIWI терминалдарының алдына бір сәт тоқтап «Қайырымдылық» деген батырманы тауып «Сәби» Қорын таңдаңыз, біз сіздердің үміттерңізді әрқашан ақтаймыз, өйткені біздің жобалардың тиімділігі уақытпен дәлелденген.

20.05.2015
15.03.2024
«Мейірімді бол»…

«Qara» студиясы мен «Сәби» қорының «Мейірімді бол» қайырымдылық акциясына атсалысқан барша жандарға…

Қайырымдылық шаралары
27.02.2024
«Мейірімді бол»…

Бүгін Алматыда Qara шығармашылық бірлестігі «Сәби» қорымен бірлесіп ұйымдастырған «Мейірімді бол» қайырымдылық…

Қайырымдылық шаралары
18.11.2022
Saby x Bvlgari қайырымдылық…

«Сәби» Қоры көп жылдар бойы өз тарихын жоғары деңгейде қайырымдылық шараларын өткізіп келеді. Біз 2008 жылдан бастап…

Қайырымдылық шаралары