Бесағаш ауылының оқушыларына көмек

Жыл басында «Сәби» Қ​орының атына Бесағаш ауылының №29 жалпы білім беретін орта мектебінен қаржылай қолдау көрсету туралы хат келіп түсті.  Оқу орнының әлеуметтік педагогы мүмкіндігі шектеулі он үш балаға және толық емес отбасынан шыққан он балаға сыртқы киім алуға көмек көрсетуді сұрады. Бұл балалар ата-аналары мен туыстары сатып ала алмайтын жылы киім мен аяқ киімдерге өте мұқтаж.

 Біз, өз кезегімізде, Қазақстанның он ірі кәсіпорнына демеушілік көмек сұрап хат жолдадық. Біздің сұрау салуымызға  Raimbek Group және Hyundai Premium Almaty компанияларының PR-қызметінің өкілдері  сыпайылықпен жауап берді. Осы компаниялар көрсеткен қаржылық көмектің жалпы сомасы 690 000 теңгені құрады.  Осы сомаға әлеуметтік педагог балалардың ата-аналарымен бірге сапалы жылы сыртқы киім мен аяқ- киім жинақтарын сатып алды.

  Біз екі компанияның басшылығы мен ұжымына біздің Қорға көрсеткен жоғары сенім мен қоғамның ең қорғалмаған бөлігінің мәселелеріне немқұрайлы қарамағаны үшін шын жүректен алғыс білдіреміз. Осындай іс-әрекеттер біздің қаланың басқа ұйымдары үшін  тамаша өнеге болады деп үміттенеміз. Өйткені, біз біріккен кезде ғана көптеген адамдардың өмірін жақсы жаққа өзгерте аламыз.

19.04.2019
28.06.2019
Іңкәр мен Қанатқа бірлесе…

     Жеке  тұлғалардан аз болса да, бірақ үнемі түсіп тұратын,  "Сәби" Қорының есеп айырысу шотына және…

Арнаулы көмек
26.12.2018
Марк үшін серуендеуіш арба

Біздің қорымызға сал ауруына шалдыққан және ЗПРР диагнозы қойылған баланың анасы - Елена ханым келген болатын. Оның 11…

Арнаулы көмек
11.01.2017
Батырбекке сүйеніш

Бір ай бұрын «Сәби» Қорына Қызылорда қаласының тұрғыны ?ндирадан ДЦП-мен ауыратын 2 жасар ұлын оңалту үшін керекті…

Арнаулы көмек