Аидаға көмек

 «Сәби» қорының  жұмысына қызығушылық танытқандардың көбісі біздің өз алдымызға қойған мақсаттарымыздың ауқымды жобалар арқылы жүзеге асырып жатқанынызды біледі және, өкінішке орай, тұрақты түрде мақсатты көмек көрсете алмайтынымызды да біледі.

Дегенмен, күн сайын әр-түрлі ахуалы бар балаларға көмек сұрап жатқан хаттар келіп жатады. Және мүмкіндігінше тез арада оларға көмек көрсету үшін бар мүмкіндікті қолданамыз. Сондай мүмкіндіктерді біздің Қорға аз да болса шын жүректен қолдау көрсеткен бей-жай адамдардың арқасында біз жүзеге асыра аламыз. Біртіндеп, жіпке тізгендей әр тиын әжептауір қаражатқа айналып біреудің азаптарын жеңілдете алатын сомаға айналады.

Бұл жолы, «Сәбиге» жеке филантроптардан түскен ақшалай төлемдер арқасында, біз церебральды сал ауруына шалдыққан  кішкентай Аида үшін қыздарға арналған логопедиялық массажының 3 курсын төлей алдық. Айта кететін бір жайт, талап етілген соманың басым бөлігі «Өз ісіңді баста» байқауының финалистері бірігіп жинаған болатын, біз оларға өз ризашылығызды білдіреміз!

Барлық көмек көрсеткен адамдарға тағы да үлкен алғысымызды білдіріп және saby.kz сайтында «Қолдау көрсету» бөлімінде баршамыз қайырымдылыққа қатыса алатынын еске саламыз. Әрбір теңге біз үшін маңызды!

 

13.11.2018
19.03.2024
Петропавл қаласына…

Өткен жылдың қараша айында Алматы қаласында «Сәби» Қоры үшін Bvlgari зергерлік бұйымдары мен сағаттар үйі қайырымдылық…

Медициналық жоба
27.12.2023
Қазақстан дәрігерлеріне…

«Сәби» қоры өз қызметінде жүйелілік принципін ұстанады, барлық бағыттағы жобаларды дамытады. Сондықтан «Шұғыл…

Медициналық жоба
14.11.2023
Saby & Bvlgari қайырымдылық кеші…

«Сәби» Қоры өзінің ауқымды қаражат жинау шараларын өткізу тарихын 2008 жылдан бастап жүргізуде. Осы жылдар бойы Қор…

Медициналық жоба