Зерендіде түзету орталығын жабдықтау

«Сәби» қорының тұрақты жұмыс істейтін «Медициналық бағдарлама» аясында Ақмола облысының Зеренді ауылында сөйлеу, ақыл-ой, көру, есту қабілеті және тіреу-қозғалтқыш аппараты бұзылған балалар мен жасөспірімдерге кешендік медициналық-педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсететін, «№4 педагогикалық-психологиялық түзегу кабинеті» КММ қолдады. Мекеменің емделушілері үшін біз үш кабинетті арнайы жабдықтадық: Монтессори,  ЕМК және сенсорлық бөлме.

Монтессори әдістемесінің басты ерекшелігі – бала өз жеке қабілетін көрсеткісі келіп, байқата алатын, бірегей өрістетуші ортаның құрылуы. Сыныптың кеңістігі тақырыптық аймақтарға бөлінген, ондағы сабақтар зейінді, шығармашылық және логикалық ойлауды, жадыны, сөйлеуді, қиялды, моториканы дамытуға көмектеседі. Монтессори әдістемесі дамуында ауытқулары бар  балаларға әсіресе ұсынылады.

ЕМК кабинетін ашу үшін біз бөлмелердің біреуін арнайы жабдықпен жабдықтадық: швед тосқауылы, төсеніштер, еңкейген сырғыма баспалдақтармен жүру үшін төбешік. Үнемі болатын сабақтар бұлшық ет тонусының жақсаруына, қозғалыстың үйлестірілуіне, эмоциялық фонның тұрақтануы мен зейін қоюды арттыруға әсер етеді. Мұның барлығы балаға жаңа дағдыны меңгеруге және игерілген дағдыны автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Балалардың түйсіну сезімталдылығын дамыту, олардың көзбен көріп, дыбыспен қабылдауын жақсарту үшін сенсорлық бөлме жабдықталған. Бұл сезіну дағдысын қалыптастыратын, психоэмоциялық ширығудың басуға және оң эмоциялық икемдеуді күшейтуге әсер ететін,ерекше жолмен ұйымдастырылған кеңістік.

Барлық үш кабинеттің жұмысының негізгі қағидасы - мекеменің түзетуші, дамытушы және тәрбие беру міндетін шешуге мүмкіндік беретін кешендік тәсіл.

06.08.2018
19.03.2024
Петропавл қаласына…

Өткен жылдың қараша айында Алматы қаласында «Сәби» Қоры үшін Bvlgari зергерлік бұйымдары мен сағаттар үйі қайырымдылық…

Медициналық жоба
27.12.2023
Қазақстан дәрігерлеріне…

«Сәби» қоры өз қызметінде жүйелілік принципін ұстанады, барлық бағыттағы жобаларды дамытады. Сондықтан «Шұғыл…

Медициналық жоба
14.11.2023
Saby & Bvlgari қайырымдылық кеші…

«Сәби» Қоры өзінің ауқымды қаражат жинау шараларын өткізу тарихын 2008 жылдан бастап жүргізуде. Осы жылдар бойы Қор…

Медициналық жоба