Марк үшін серуендеуіш арба

Біздің қорымызға сал ауруына шалдыққан және ЗПРР диагнозы қойылған баланың анасы - Елена ханым келген болатын.

Оның 11 жастағы Марк деген баласы өздігінен жүре алмайды, тұра алмайды, отыра алмайды және мүлдем сөйлемейді. Балаға ауруханаға баратын және серуендеуге арналған  мүгедектік арбасы қажет болды.

Біз Марк үшін поляк өндірушісінен «Vitea Care» арбасына тапсырыс бердік. Берік және мықты жасалған арба балалардың қауіпсіздігі мен жайлылығының ең жоғары талаптарын қанағаттандырады. Стандартты жабдықталған құрылғының ішіне: қорғаныс қалпақшасы, заттарға арналған қоржыны, шыныаяқ ұстаушы, жадағай, аяқ жабыны және аяқты тіреуіш кіреді. Пластмассадан жасалған тіректер, екі жақты тұрақтандырғыштар және үш жерден байланатын белдік пайдаланушының құлап кетуіне жол бермейді. Көптеген функциялардың арқасында құрылғы дұрыс және сау қалыпта  баланы түзу отыруына мүмкіндік береді.

Біз таңдаған арба Еленаның өз ұлына көрсететін күнделікті қамқорлығын жеңілдетуге және оған еркіндік пен қозғалыс жеңілдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз.

 

 

26.12.2018
19.04.2019
Бесағаш ауылының…

Жыл басында «Сәби» Қ​орының атына Бесағаш ауылының №29 жалпы білім беретін орта мектебінен қаржылай қолдау көрсету…

Арнаулы көмек
11.01.2017
Батырбекке сүйеніш

Бір ай бұрын «Сәби» Қорына Қызылорда қаласының тұрғыны ?ндирадан ДЦП-мен ауыратын 2 жасар ұлын оңалту үшін керекті…

Арнаулы көмек
04.11.2015
?гі істің үлкен-кішісі…

Достар, «Сәби» Қорының жеке есепшотына қайырымдылық үшін QIWI төлем терминалдары арқылы аударған қаржыларыңызға рахмет…

Арнаулы көмек