Тағы да Қызылорда қаласындағы балалар үйі туралы, немесе Балалардың ең жақсыға ие болу хақы бар

 

2012 жылы «Сәби» қоры Қызылорда қаласында туылғанынан 4 жасқа дейінгі ата-аналарынан айырылған жетімдер мен сәбилерге арналған 60 орындық Балалар үйінің ғимаратын тұрғызып, пайдалануға берді. Сол кезде және осы күнге дейін бұл ғимарат сәулеті, безендірілуі және жабдықтандырылуы бойынша әлеуметтік нысанға келмейтін бірегей ғимарат болып табылады. Бұл балалар үшін жылы әрі жайлы, олардың сау боп өсуі мен дамуы үшін қажетті дүниелермен толықтырылған нағыз үй.

Нысан аумағын абаттандыруды да біздің Қор орындады. Біз аумақты көгалдандырдық, күн көзінен демалатын кең павильондар және балалардың жас мөлшеріне сәйкес келетін балалар ойын алаңын орнаттық.

Осы жылдар бойы «Сәби» оры Балалар үйімен белсенді қарым-қатынаста. Біз өзіміз құрған орталықтың тиімді жұмыс жасауы үшін бірнеше рет қызметкерлерді Монтессори жүйесі бойынша жұмыс жасау принциптеріне оқыту өткіздік, ондағы жабдықтарды жаңарттық.

Ал осы жылы балалар алаңын заманауи талаптарды ескере отырып кеңейтуді және толықтыруды шештік. Біз мүмкіндігі шектеулі балалар үшін үлкен ойын кешенін орнаттық, барлық балалар ұнататын ұяшық әткеншектер мен доп ойнауға арналған бағаналар сатып алдық. Бұдан басқа алаңда жарақаттанудан қорғайтын ашық түсті резеңке төсеме бар, ал периметрінде жаңа жаяужол мен жиектастар пайда болды.

Жоғарыда айтылғандарға келесі ақпаратты қоса кеткіміз келеді: «Сәби» қоры салған Балалар үйіне көшкен алғашқы жылы-ақ кішкентай тәрбиеленушілерге жан біткендей, суарған гүл секілді, олар айналада болып жатқан дүниелерге қуана бастады. Қатты мүгедектігі бар балалардың көбі бірінші рет күлімдеді, тіл қатты, ал кейбіреуі аяғына тұрды. Оларды асырап алу проценті бірнеше есе өсті! Біз жай ғана оларды қоршаған бұрынғы түнерген әлемді жылы әрі түрлі түсті әлеммен ауыстырдық.

 

22.05.2019
12.06.2017
Қызылорда қаласының Сәби…

«Сәби» Қорының арқасында Қызылорда қаласындағы жаңадан Сәби үйі салынып толықтай жабдықтандырылды. Бұл жоба қолданысқа…

Сәбилер үйі, Қызылорда қ.
17.07.2014
Сәбилер үйінің тынысы

Уақыт зымырап өтіп барады. Қызылорда қаласындағы Сәбилер үйінің тәрбиеленушілеріне арнап "Сәби" Қорының көмегімен…

Сәбилер үйі, Қызылорда қ.
30.10.2013
Cәби үйі ең таңдаулылардың…

Алматыда қазанның 4 – 6 күндерінің аралығында ҚР Сәулетшілер одағымен ұйымдастырылған 2010-2013 жылдардағы таңдаулы сәулет…

Сәбилер үйі, Қызылорда қ.