Тағы бір хирургияның пайдасына қайырымдылық кеші

Кеше Алматыда Damiani зергерлік үйі ұйымдастырған қайырымдылық кеші өтті. Компания "Сәби" қорына іс-шараны ұйымдастырушы мен бенефициар болуға және ҚР өңірлерінде шұғыл балалар хирургиясы бөлімшелерін ұйымдастыру жөніндегі жобаны одан әрі іске асыру мақсатында барлық түскен қаражатты қабылдауды қуана ұсынды.

Кеш барысында қонақтар тақырыпқа терең еніп, белсенді қатысып, жалпы сомада 40 000 000 теңге қайырымдылық жасады.

Барлық сома Қазақстан қалаларының бірінде жоғарыда көрсетілген хирургия бөлімшесін салуға және жарақтандыруға бағытталатын болады (қазіргі уақытта Қарағанды, Семей, Петропавл және Талдықорған қалалары қарастырылып жатыр). Бұл "Сәби" қорының екінші нысаны болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Алматы қаласының №2 қалалық балалар ауруханасы базасында жедел балалар хирургиясының ашық бөлімшесі біріншісі болып отыр, оны қаржыландыру қазақстандық өкілдік Кристиан Диор Кутюр ұйымдастырған қайырымдылық аукционның нәтижесінде жиналған демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылды.

Іс-шараның барлық қатысушыларына балаларға медициналық көмек көрсету мәселелерін түсінгені, белсенді азаматтық ұстанымдары мен жан-жақты сезімталдығы үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

Ұйымдастырушы және идеялық шабыттандырушы Жанна Кан, жетекші Роман Александровқа және Damiani компаниясының барлық ұжымына ерекше алғыс!

 

23.05.2019
27.09.2019
Біздің қорды қолдаудың…

Бізде керемет жаңалық бар! Біздің қорға қайырымдылық жасаудың екі жаңа тәсілдері пайда болды. Біріншіден, қазір біз…

Жаңалықтар
19.09.2019
Корпоративтік…

Достар, өздеріңіз білетіндей биыл «Саби» қоры Қазақстанның аймақтарында балаларға арналған шұғыл хирургия…

Жаңалықтар
29.08.2019
Қайтадан мектепке

Бәрімізге сүйікті жазымыз, демалыстар кезі міне соңына да жетті. Бұл барлық оқушылар үшін жақын арада жаңа оқу жылы…

Жаңалықтар